Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2423 0 пікір 12 Наурыз, 2012 сағат 08:11

Ауған жерінде 14 млн. жарылмаған бомба жатыр

Бүгінгі күнде ауған жерінде бір миллионға жуық мина және шамамен 14 млн. басқа да жарылмай қалған оқ-дәрілер бар, деп хабарлады РИА-Новости, ауғандық Бахар агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Агенттіктің хабарлауынша, өткен сенбіде Кабулда ауғандық Табиғат апаттарының зардаптарын жою жөніндегі басқарма мен Ауғанстанды минадан тазарту бойынша үйлестіру орталығы (МАССА) өкілдерінің екіжақты кездесуі болды, онда екі ведомствоның күшін біріктіре отырып, елдегі бейбіт тұрғындарды мина жарылыстарынан сақтандыру жұмыстарын реттеу туралы келісімге қол қойылды.

Табиғат апаттарының зардаптарын жою жөніндегі басқарманың басшысы Даем Какардың айтуынша, ауған жерін толықтай минадан тазарту үшін әлі де 10 жыл керек. Жарылмай қалған жарылғыш заттардың көпшілігін кеңес әскерлерінің осы елде болған кезіндегі миналар құрайды.

Бахтар агенттігінің айтуынша, жергілікті шенеуніктер осыдан 10 жыл бұрын да дәл осылай айтып, алдағы 10 жылда елді толық минадан зарарсыздандырамыз деген көрінеді.

MACCA директоры Фарид Гамаюнның ақпаратына сәйкес, бүгінде бейбіт халықтың минаға түсіп, зардап шегу қаупі азайып келе жатыр. Егер 10 жыл бұрын қарапайым тұрғындардың ай сайын 150-і миналардан зардап шегіп отырса, қазір бұл көрсеткіш 40 адамға дейін азайған, дейді ол.

Оның мәліметінше, бүгінде Ауғанстанның 618 шаршы шақырым аумағы минадан тазартылған жоқ. Әр минаны залалсыздандыру кем дегенде 100 долларға түсетінін, ал минаны құру одан әлдеқайда арзан екендігін атап өтті ол. Сондай-ақ, директор «осы қиындықтарға саперлердің жұмысын одан сайын қиындататын оппозицияның қарулы жендеттерін қосып қойыңыз», деп атап өтті. Оның айтуынша, содырлар күніне он шақты миналар мен қолдан жасалған жарылғыш заттарды құрып кететін көрінеді.

kaz.gazeta.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371