Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Ел іші... 5597 8 пікір 29 Қаңтар, 2021 сағат 20:34

Биыл халық санағы өтеді

Қазақстанда осы жылдың қазан айында халық санағы өтеді. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Реформалар жөніндегі жоғарғы кеңестің үшінші отырысында айтты.

«Халықтың ұлттық санағын ұйымдастыру мәселелері жайында айта келе Қасым-Жомарт Тоқаев осынау ауқымды шара маңызды сараптамалық мәліметтерді, оның ішінде халықтың шынайы санын, олардың жастарын, гендерлік құрамын, урбанизация дәрежесін, кіріс деңгейін және дұрыс, негізді басқарушылық шешімдер қабылдау үшін қажетті өзге де мәліметтерді алуға мүмкіндік беретіндігін атап өтті. Сондықтан Президент барынша қажетті мәліметтер алу үшін сауалнаманы мазмұндық жағынан толықтыру мәселесіне назар аудартты», - делінген Ақорданың баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Бұл ретте Мемлекет басшысы көп сұрақтармен азаматтардың басын қатырмау қажеттігіне, әсіресе қазіргі пандемия жағдайын ескере отырып, цифрлық технологияларды кеңінен пайдалану керектігіне назар аудартқан.

«Мемлекет басшысы халық санағын дайындау және өткізумен байланысты негізгі ұйымдастырушылық және маңызды мәселелердің шешімімен айналысатын Премьер-Министр бірінші орынбасарының төрағалығымен арнайы жұмыс тобын құруды тапсырды. Санақ осы жылдың қазан айында өтуі, ал 2022 жылдың ортасында Үкімет соңғы мәліметтерді жария етуі тиіс», - делінген таратылған ақпаратта.

Айта кетсек бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Реформалар жөніндегі жоғарғы кеңестің үшінші отырысы өтті. Іс-шараның күнтәртібіне Қазақстан Республикасын 2025 жылға дейін дамытудың ұлттық жоспарын, мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесін, 2030 жылға дейін мемлекеттік бсқаруды дамыту тұжырымдамасын, 2021-2025 жылдарға арналған жекешелендіру жоспарын әзірлеу, сонымен қатар шұғыл реформалар топтамасы мен халықтың ұлттық санағын өткізу мәселелері кірді.

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2036