Сенбі, 31 Мамыр 2025
Жаңалықтар 2978 0 пікір 14 Наурыз, 2012 сағат 09:53

Гүлжан РАХМАН. Қазақ тілі «түсініксіз» тіл ме?

Үлкен зал. Жиналған көпшілік мінбедегі басшыға көкейіндегі сауалдарын бұрқыратып жатыр. Бірінші сұрақ кетті. Жауап берілді. Екінші сұрақ кетті, оған да сұрақ қоюшының тілінде толыққанды жауап берілді. Үшінші, төртінші... оныншы, он бірінші сауал...

- Менің қызмет істейтін жерім - жартылай жеке­меншік мекеме. Бұл жұмысымда жүріп арендалық баспана алуға құқым бар ма? Осы жағын білсем деп едім...

Бұл - мемлекеттік тілде қо­й­ылған алғашқы сауал болатын. Бәрі сұрақ қоюшыға жалт бұ­рыл­ды. Өзінің қа­зақ екеніне мақ­танатын адамдар батылдық танытып, жасқанбай, сұ­рағын мемлекеттік тілде қойған адам­ға жылы шырай білдірді. Әрине, жауап беріп тұрған дөкейіміздің өзі де әншейінде сайрап жүрген қазақ кісі.

Бірақ бұл жолы бәрі басқаша болды.

- Сіздің бұл сұрағыңызға түсінікті болуы үшін, көпшілікке түсінікті тілмен жауап берейін. В общем дело касается...

P.S.

Қазақ тілі қашанға дейін «түсініксіз тіл» бола береді?..

«Айқын» газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 3025
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 4775