Қайыржан ТӨРЕЖАН. Қалталы қазақтар Лондонға көшіп жатыр
Өткен жылы шетелдерден жылжымайтын мүлік сатып алғысы келетін қазақстандықтардың саны біршама өсіпті. Бұл туралы Kapital.kz порталындағы сұхбатында Invest Realty компаниясының директоры, «Казақстандық жылжымайтын мүлік федерациясының» вице-президенті Аида Есмағамбетова мәлімдеді.
Қалталы қазақтардың Қазақстанды жерсінбей, шетелдерге кетіп жатқаны құпия емес. Әлемдік қаржы дағдарысы басталған жылдары теңіз жағалауынан вилла сатып алушылардың қатары біраз азайған болатын, ал былтырдан бері жылжымайтын мүлік саудасы қайта жандана бастапты. Шетелде артық капиталды ең алдымен жылжымайтын мүлікке салады, сондықтан Қазақстанда қалтасы қалың қазақтардың көбейгенін мақтана айтуға болатын шығар.
Дағдарысқа дейін қазақстандықтар Болгария, Испания, Италия, Таиланд, Мысыр сияқты «арзан» мемлекеттерден баспана, ғимараттар сатып алатын болса, қазіргі кездегі сұраныс Лондон немесе Дубай сияқты қымбат қалалардағы жылжымайтын мүлікке ауысыпты. Оның үстіне, шетелдерде тұрғысы келетін қазақтардың саны биыл көбейіпті. Invest Realty компаниясының жыл басынан бергі сатқан жылжымайтын мүліктерінің саны былтырғы алты айда сатқандарынан асып түскен екен. Олардың дені үйді Дубай немесе Лондоннан сатып алған.

Аида Есмағамбетованың айтуынша, Болгарияда үйдің құны шамамен 50 мыңнан 200 мың еуроға дейін болса, Лондондағы тура сондай жылжымайтын мүліктің бағасы 500-700 мың ағылшын фунтын құрайды.
«Айқын» газеті