Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2780 0 пікір 14 Наурыз, 2012 сағат 10:47

Қыз бензинді литрлеп сіміреді

АСТАНА. 14 наурыз. ҚазАқпарат - Америкалық қыз жанармай ішпесе, өмір сүре алмайды, деп хабарлайды The Daily Mail. Шеннон есімді бұл қыз денсаулығына қаншалықты зиян екенін білсе де, күн сайын жанармай ішіп тұрмаса «басы ауыратындығын» айтады.

Оның айтуынша, күніне 12 шай қасық жанармай ішеді екен. «Жұтқан кезде бензин алдымен аздап ашытады, сосын өзегімді өртей бастайды, ­- дейді ол. - Қанша ауырсынсам да, өзімді соның арқасында ғана жақсы сезінемін».

Журналистер есептесе, Шеннон тек өткен жылы ғана 23 литр бензин ішкен екен. Дәрігерлер бұның денсаулыққа зиян екенін айтып, дабыл қағуда. «Жанармайды ішу асқазанды күйдіріп, ішті өткізіп, диарея, делсалдыққа душар етеді, тіпті өлімге алып келеді», - дейді олар.

Жеуге немесе ішуге болмайтын заттарға құмар тек Шеннон ғана емес. Индиана штатының кішкентай тұрғыны Натали Хайхерст тастар мен ағаштарды кеміріп, кірпіш сынықтарын жеуді жанындай жақсы көреді екен. Тіпті ол бір күні электр шамын жеп қойып, ата-анасы жедел жәрдем шақыруға мәжбүр болған көрінеді. Содан бері Натали өз өміріне қауіпті бірдеңе жеп қоймауы үшін анасы, әкесі, ағасы үшеуі күні-түні күзетеді екен.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3242
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394