Индонезияның 8 жасар тұрғыны күніне 2 қорап темекі шегеді
АСТАНА. 14 наурыз. ҚазАқпарат - Индонезияның 8 жасар тұрғыны күніне 2 қорап темекі шегеді. Бір қызығы, бұл елде кәмелеттік жасқа келмегендерге темекі сатуға болмайды деген заң жоқ.
Бұл туралы ИТАР-ТАСС агенттігі хабарлады.
Ява аралының 8 жасар тұрғыны Илхам 4 жасынан бастап темекіге әуес, деп хабарлайды жергілікті БАҚ. «Баламның әуестенгені соншалық, күніне 40 темекі шекпесе кәдімгідей басы ауырады», - дейді баланың әкесі Умар.
Бұл мемлекетте ең көп сатылатын тауар бойынша тамақтан кейін темекі өнімі тұр. Сарапшылардың айтуына қарағанда, темекі шегетін 240 млн. адам күнделікті 2 доллар ақшасынан қағылатын көрінеді.
Үкімет елдегі темекі өнімдерін сату бойынша бизнеске тосқауыл қоймақ.