Бүгін – Қазақстанның батыс аймағына тән көрісу күні
ОРАЛ. 14 наурыз. ҚазАқпарат - 14 наурыз - Қазақстанның батыс аймағына тән көрісу күні.
Бұл күні жасы кішілер ақсақалды аталарға, әжелерге, ағалар мен апаларға, құда-жегжатқа барып, қол беріп көріседі, «Бір жасыңызбен!» деп құттықтайды.
Бұл дәстүр еліміздің батыс өңірінде ежелден қалыптасқан. Ол сонау Кеңес дәуірінде де үзілген жоқ. Сонымен қатар БҚО-мен көршілес Ресейдің Астрахань, Волгоград, Саратов, Самара, Орынбор облыстарында, Өзбекстанның Қарақалпақстан өңірінде, Түркіменстанда тұратын қандастарымыз да осы күні "Наурыз айы туды!", деп, «көрісу» салтын бастайды. Бұрын дүрдараз болып жүрген адамдар да Наурыз келгенде, құшақтасып көрісіп, барлық реніш-өкпесін ұмытады. Бұл да - халқымыздың бауырмалдық салтының бір көрінісі.
Наурыз мейрамы 22 наурызға белгіленгенімен, 14 наурызда көрісу айтын атап өтудің еш өрескелдігі жоқ.