Сәрсенбі, 23 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 2666 0 пікір 14 Наурыз, 2012 сағат 10:54

Үш жылдан соң еліміздің ауыл шаруашылығындағы 90 млн. гектар жердің кешенді, жан-жақты бағасы белгілі болады

АСТАНА. 14 наурыз. ҚазАқпарат - Үш жылдан соң еліміздің ауыл шаруашылығындағы жерлердің 90 миллион гектарына кешенді, жан-жақты баға беріледі.

Бұл туралы бүгін  жер заңнамаларын одан әрі жетілдіру мәселесіне байланысты Сенат депутаттарымен болған кездесуден соң журналистерге берген сұхбатта Жер ресурстарын басқару агенттігінің төрағасы Қадырхан Отаров мәлім етті.

Оның айтуынша, Жер ресурстарын басқару агенттігі өткен жылы Мемлекет басшысының тапсырмасымен ауыл шаруашылығына арналған жерлерге тексеру (ревизия) жүргізді. «Биыл Мемлекет басшысының тапсырмасымен ауыл шаруашылығындағы жерлерге тағы да кешенді баға беруіміз керек. Яғни біз ол жерлерді инвентаризациялаймыз. Бұл бағыттағы жұмыстарға жердің игеріліп немесе игерілмегендігі ғана емес, оның қандай мақсатқа, қалай пайдаланылып отырғандығы, жердің сапасы қандай жағдайда деген сияқты  мәселелердің барлығын қамтитын боламыз. Мұндай жұмыстар осыған дейін елде іске асырылған емес»,-деді Агенттік төрағасы.

Оның мәліметтерінше, агенттік өкілдері тек биылғы жылдың өзінде

30 мың гектар ауыл шаруашылығы жерлеріне кешенді баға беретін болады. «Бұл өте үлкен аймақ, ал олар бойынша атқарылатын шаралар одан да көлемді әрі күрделі. Келесі жылы тағы 30 гектарға жуық жер бағасын алады. Осылайша алдағы 3 жылда 90 гектар ауыл шаруашылығындағы жерлерге кешенді, жан-жақты баға беріледі»,-деді Қ.Отаров.

Игерілмеген жерлер мемлекеттің иелігіне қайтарылады - Жер ресурстарын басқару агенттігінің төрағасы Қ.Отаров

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1411
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2989
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1057
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 992