Сенбі, 23 Қараша 2024
Деп жатыр 4158 6 пікір 5 Ақпан, 2021 сағат 16:25

Мамин: Халық 99 пайыз интернетпен қамтылған...

«Қазақстандықтардың 99 пайызы интернетпен қамтылған». Бұл Үкімет басшысы Асқар Маминнің өз сөзі. Алматыда өткен «Digital Almaty» дейтін форумда айтқан.

ҚР Үкімет басшысы Асқар Мамин пандемия еліміздің экономикалық тұрақтылығын айқындап бергенін айтқан. Оның сөзінше алдағы бес жылда Қазақстанда 5G желісі іске қосылмақ көрінеді.

Асқар Ұзақбайұлы бүгінгі жиында: «Цифрландыру экономика саласында да, адам өмірінде де өте маңызды мәселе екенін айта кеткен жөн. Барлық жерде жұмыс, білім беру саласы қашықтан жалғасып жатыр. Бұл цифрлық экономиканың айтарлықтай маңызды екенін көрсетеді. Пандемия Қазақстанның экономикасы тұрақты екенін көрсетті. 2020 жылы Қазақстан электронды үкіметті дамыту бойынша 29 орынға тұрақтады. Біз ары қарай да цифрландыруды дамытуды мақсат етіп отырмыз. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, біз қазіргі таңда мемлекеттік органдарды толығымен цифрландыру жұмыстарын жүргізіп отырмыз. Ақпарат жинау және анализ жасау жолында цифрлық инновацияларды қолдана отырып, жаңа жүйелерге жол бастайтын боламыз. Алдағы бес жылда Қазақстанның барлық облыстары мен аймақтары 5G интернетпен қамтамасыз етілетін болады», – деп сөйлеген.

Ол сондай-ақ: «Шектеулерге қарамастан, біз цифрлық инфрақұрылымның қол жетімділігі мен сапасын жақсарту бойынша күш-жігерімізді жеделдеттік. 2020 жылы біз 20 мың шақырымдық талшықты-оптикалық байланыс желілерін салудың МЖӘ жобасын аяқтадық. Мыңнан астам ұялы байланыстың базалық станциялары орнатылды, бұл аймақтардағы технологиялық теңсіздік деңгейін айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік берді. Нәтижесінде бүгінде Қазақстан халқын интернетпен қамту 99% құрайды», – деп мәлімдепті.

Сонымен, Премьер-министр Маминнің ақпарынша – Қазақстан халқының 99 пайызы интернетпен қамтылған екен.

Салыстыру үшін:

2019 жылдың 1 қазанында: «2022 жылға қарай 5 мыңға жуық елді-мекен (ауыл) интернетпен қамтылуы тиіс. Бұл 97 пайыз деген сөз», - деп айтқан.

2020 жылдың 6 маусымында: «Қазіргі таңда 118 қала (шамамен 11 млн адам) мен 4235 ауылдық елді-мекен (тағы 7 млн адам) мобильдік интернет қолданып отыр. Бұл 96 пайыз елді-мекен интернетпен қамтылды деген сөз. Ал жыл аяғына дейін бұл көрсеткіш 99,3 пайызға жетуі тиіс», - деген.

2020 жылдың 30 қыркүйегінде: «Осы жылдың аяғына дейін 99 пайыз ауылдық елді-мекен кең көлемді интернетпен қамтылады. Ол дегеніңіз – 5,2 мыңнан көп ауыл деген сөз», - деп сөйлеген.

Тақырыпқа тұздық:

2020 жылдың сәуірі: Бюджеттің 258 миллиард теңгесі,

2020 жылдың тамызы: Қазақстанда 482 мыңнан астам оқушыда интернет жоқ,

2020 жылдың тамызы: Қазақстанда екі мыңға жуық елді мекенде интернет жоқ,

2020 жылдың қарашасы: Елорда маңындағы ауылда байланыс та, интернет те, мектеп те жоқ!

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5343