Жаңаөзен оқиғасы: 27-де сот басталады
2011 жылдың желтоқсан айының 16-17-де Жаңаөзен мен Шетпеде болған қанды оқиғаға байланысты қозғалған қылмыстық істі қарайтын соттың алғашқы отырысы 27-нші наурызда басталады.
«27-нші наурызда Ақтау қалалық қылмыстық істер жөніндегі сот та 2011 жылы желтоқсан айында Жаңаөзен қаласы мен Шетпе станциясында орын алған жаппай тәртіпсіздік фактісі орай қозғалған қылмыстық іс қаралады. Бұл іс бойынша 37 адам айыпталып отыр.», депті судья Аралбай Нағашыбаев ҚазТАГ-қа берген түсініктемесінде.
Бүтін елді дүр сілкінткен, бұқараның бойындағы ашу-ызасын тудырып, жұрттың жүрегіне қан қатырған қанды оқиғаны билік, судья Аралбай Нағашыбаев айтқандай «жаппай тәртіпсіздік» деп қабылдап, баға берген болатын.
Бұдан бұрын Маңғыстау облысының әкімі Бауыржан Мұхамеджанов Жаңаөзен оқиғасы бойынша сот ісі ашық өтеді деген еді. Алайда, тек біржақты биліктің ұстанымын ғана ертелі-кеш жағы түскенше айтудан танбайтын мемлекеттік БАҚ өкілдері қатыстырылып, «Сот ашық өтіп жатыр» делінуі де ғажап емес. Мұны қауіп қылғаннан айтамыз.

Жаңаөзен оқиғасын егжей-тегжейлі зерттеу үшін құрылған тәуелсіз қоғамдық комиссияның бірі - халықаралық «Жаңаөзен-2011» комитетінің Жаңаөзенге алғашқы сапары барысындағы көрген-білген, қаныққан дүниелерін берген болатынбыз. (http://old.abai.kz/content/zhasaral-kuanyshelin-symdyk-faktilerdi-oidan-shygaru-m-mkin-emes)
Ал, ресми дерекке сенсек, Өзен оқиғасы кезінде 14 адам оққа ұшып, 64 адам атылған оқтан жарақат алған. Шетпеде 1 адам қаза болып, 11 адам жараланған. Жаңаөзендегі оқиғада 40 полицей түрлі дене жарақатын алған.
Сонымен, Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы алғашқы қанды оқиға немесе «жаппай тәртіпсіздік» ісі бойынша сот басталады...
«Абай-ақпарат»