Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2462 0 пікір 19 Наурыз, 2012 сағат 22:14

Түйетауыққа арыз

Түйетауыққа арыз
Арыз
(ансамбль «ея» жөнінде)

Түйетауыққа арыз
Арыз
(ансамбль «ея» жөнінде)

Біздер бұлбұлдар, әуелден, әнші қауымбыз. Басқасын басқа, ән жағынан келгенде сүйемелдеушінің бізге қажеті жоқ. Өзіңіз білесіз, біраз жыл болды, біздің қауымға Құдайға да құсқа да керегі жоқ бір ансамбль «ея»-ны қосып қойды. (Бұл ансамбльдің аты Сізге қызық болып көрініп тұрған шығар, бірақ бұнда ешқандай сыр жоқ, бір топас тоқылдақ қате жіберген. Қайтесіз енді, оның қасында бізден гөрі әлдеқайда дамыған деген адамдардың өзінің есімдерінде қате деген өріп жүр; адамды қойшы, елінің ағылшынша атында қате бар мемлекет те бар, бұл тақырыпқа осыдан соң тереңдемейік). Ақиқатын айтыңызшы, репертуарында «Құстар достығы» деген жалғыз ән бар 350-ге жуық мүшеден тұратын ансамбль «ея»-ның шығынын  қашанға көтере береміз. Біздер бұлбұлдар бұл әнді ешқандай ансамбль «ея»сыз-ақ та тамаша айта аламыз. Және осы әнді қоймастан шырқай беретіндей қажеттілік те көріп тұрған жоқпын; ;жоқтан өзге де таласатын қарғалар өйтсе бір жөн. Хош делік, ансамбль «ея» асын ішіп, әнін айтып тыныш жүрсе екен. Жоқ, олар билікке де араласып жатыр, бірнеше жыл бұрын ансамбль «ея» жаңа мәртебеге ие болып, орманымыздың бас заң шығарушы органына өз өкілдерін сайлау құқығын иеленді. Ансамбль «ея»-ның жарғысында «ормансүйгіштікті қалыптастыру, құсаралық қатынастарды қадағалау негізінде құсаралық татулық пен келісімді нығайту» деп көрсетілген. Құдайға шүкір, ансамбль «ея» болмаған кезде де ормансүйгіштігіміз кеміп айдалаға кетіп қалған жоқпыз, құсаралық араздық өршіп бір-біріміздің көзімізді шоқу да болған емес. Және орман орталығындағы бір бас ансамбль «ея»-мен шектелсек бір сірә, шоқ тоғайларда да кіші ансамбль «ея»-ларды қаптатып қою тіпті ақылға сыймайды. Ансамбль «ея» туралы бәрі тек мен сияқты ойлайды, - деу өтірік болар еді. Мысалы, «тоғайдағы тыныштық жылдар бойы бері жұмыс істеп тұрған ансамбль «ея» арқасы»,- деген де пікір де бар. Дегенмен, қарапайым құстар арасында  «ансамбль «ея» - қолдан жасалынған ойыншық дүние», «құсаралық жақсылық пен тыныштықты ансамбль «ея» жасады деу бұлбұлға топырақ шашумен бірдей. Бұл тыныштық - бұлбұлдың кеңдігінің арқасы» деген пікірлер басым деп санаймын.
Жоғары мәртебелі түйетауық! Осы жоғарыда баяндалғандардың негізінде «ансамбль «ея»ның қоғамдық институт ретінде қажеттілігі, жалпы, оның қызметінің, соның ішінде оның орман бюджетінен қаржыландыруылуының заңдылығы туралы баға беруіңізді сұраймын.

Қатардағы бұлбұл Нұр
Мұстажапов

"Абай-ақпарат"

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1469
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5406