"Онымен Өзбекстанның болашағы жайында сөйлескенде, шошимын. Ол бірден бәрін өзгертуге кірісті. Мүмкін нәтижесі бірден біліне қоймас, себебі, қазір әлемде қатты бәсеке, әсіресе пандемия кезінде қатты білініп жатыр", - деді Лукашенко.
Беларусь басшысы Өзбекстан президенті Мирзияевпен барлық проблемалады шеше алады деген.
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев былтыр тамыз айында Беларусьте өткен президент сайлауынан кейін Александр Лукашенконы бірінші болып құттықтағандардың бірі.
1994 жылдан бері билік тізгінін ұстап келе жатқан Лукашенконың кезекті жеңісі жарияланғаннан кейін елінде жаппай наразылық шарасы басталды.
Беларусь оппозициясы сайлау нәтижесін мойындамады. АҚШ пен Еуроодақ та Лукашенконы заңды президент ретінде мойындаудан бас тартты.
Abai.kz