Сенбі, 23 Қараша 2024
3711 2 пікір 10 Ақпан, 2021 сағат 11:26

Ресейде 14 ақпанда митинг өтеді

Ресейдің қамауда отырған оппозициялық саясаткері Алексей Навальныйды босатуды талап еткен кезекті митинг 14 ақпанда өтеді. Осылай деп Навальныйдың аймақтық штабының жетекшісі Леонид Волков хабарлады.

"Кезекті акция 14 ақпанда өтеді. Біз бүгін-ертең оның қалай өтетінін айтамыз. Бұл жолы басқаша форматта өтеді. Біз қулыққа барамыз, полициямен қақтығыспаймыз", - деді Волков.

Кейін акция форматы белгілі болды: "Навальный штабы Ресей тұрғындарын 14 ақпанда, кешкі 20:00-де жәй ғана есік алдына шығуға шақырады. Ұялы телефонындағы шамды қосып, жоғары көтеріп, бірнеше минөт ұстап тұрсаңыз болды. Жүрекшелердің жанып тұруына да болады. Әлеуметтік желі ондаған ресейлік қалалардан жанып тұрған жүрекшерлерге толсын", - деп жазады Волков.

Сонымен бірге 14 ақпанда белсенділер Мәскеуде әйелдердің қатысуымен "Тілектестік мақсатын" ұйымдастырмақ. Бұл Юлия Навальная, ЛГБТ-белсендісі Юлия Цветкованы және ұсталған белсенділерді қолдау мақсатында өткізілмек.

23-31 қаңтарда және 2 ақпанда өткен наразылық шаралары полиция тарапынан жаппай күш көрсетумен, белсенділердің ұсталуымен аяқталды. Полиция электрошокерлер қолданды.

"Левада-центр" орталығының сауалнамасына сәйкес, Ресейдің әрбір бесінші тұрғыны Навальный әрекетін қолдайды.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5407