Сенбі, 23 Қараша 2024
2773 3 пікір 15 Ақпан, 2021 сағат 11:16

Алматыда феминистік топтарға марш өткізуге рұқсат етілді

Алматы әкімдігі 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні марш өткізуге рұқсат берді. Бұл туралы әйелдер маршын ұйымдастырушы топтардың бірі Feminita желідегі парақшасында хабарлады.

Топтың мәліметінше, маршты Feminita тобымен бірге "ҚазФем", "ФемСреда", SVET қоры мен FemAgora ұйымдастырады. Мәлімдемеде шеру “Шевченко көшесін бойында, Ганди ескерткішінен Шоқан Уәлиханов ескерткішіне дейін өтетіні” жазылған.

“Өкінішке қарай, бейбіт митинг заңы шеру өткізетін орынды таңдауға мүмкіндік бермейді” дейді ұйымдастырушылар. Феминистік топтар митингіге қажетті қаржыны жинау үшін краудфандинг бастамақ.

2020 жылы 8 наурызда Алматыда өткен әйелдер маршына екі жүзден адам қатысқан. Шара кезінде қатысушылар “Әрбір әйел маңызды” деген жазуы бар гүл шоғын өртеген. Полиция мұны “бұзақылық” деп тауып, марштың екі қатысушысына айыппұл салған.

Сол кезде халықаралық Human Rights Watch ұйымы Қазақстан билігінен екі белсендіге шыққан айыппұл шешімін жоюды талап еткен. HRW белсенділер “пікірін еркін айту құқығының аясында қоғамға еш қауіп төндірмейтін әрекеті үшін” жазаланды деген.

Биыл өтетін марш Қазақстанда қабылданған “Бейбіт митинг туралы” жаңа заң аясында өтпек. Нұр-Сұлтан қоғамдағы сыннан соң митинг заңын өзгертіп, халықтың пікір айтуына жол ашамыз деп уәде еткен. Бірақ сарапшылар жаңадан қабылданған бейбіт митинг заңында кедергілер сол күйі қалды деп санайды. Әлі күнге бейбіт митингіге рұқсат алу қиын.

Билік рұқсат етілмеген митингіге шыққандарды күштеп ұстап, әкімшілік жауапқа тартады.

Еуропарламент 11 ақпанда Қазақстанға қатысты қабылдаған қарарында биліктен бейбіт митингіге кедергі келтірмей, заңды қайта өзгертуге шақырды.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1480
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475