Сенбі, 23 Қараша 2024
3056 3 пікір 15 Ақпан, 2021 сағат 12:25

Орыс вакцинасын бізден басқа тағы кімдер сатып алған?

Қарағанды фармацевтикалық кешені Қазақстан Республикасының аумағында «Гам-КОВИД-Вак» («Спутник – V») коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаны тіркеу рәсімін аяқтады.

Бұл туралы ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegam парақшасында хабарланды.

Кәсіпорынның баспасөз қызметі хабарлағандай, 13 ақпанда ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Сараптама ұйымы тіркеу дерекнамасының материалдарын қарау нәтижесі бойынша вакцинаның қауіпсіздігі, сапасы мен тиімділігі туралы қорытынды берген. Аталған қорытынды негізінде ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетіне тіркеу куәлігін алуға өтінім жолданды.

Осылайша, Қазақстан «Спутник-V» вакцинасын қолдануды мақұлдаған 27-ші мемлекет болды. Бүгінгі күні вакцина Ресей, Беларусь, Аргентина, Боливия, Сербия, Алжир, Палестина, Венесуэла, Парагвай, Түрікменстан, Мажарстан, БАӘ, Иран, Гвинея Республикасы, Тунис, Армения, Мексика, Никарагуа, Серб Республикасы (Босния және Герцеговина энтитеті), Ливан, Мьянма, Пәкістан, Моңғолия және Бахрейн сияқты мемлекеттерде тіркелген.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда вакцина өндіру туралы шешім ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен Ресейдің тікелей инвестициялар қорының комиссиясы қазақстандық фармацевтикалық кәсіпорындарына жүргізілген сараптамаларының нәтижесінде қабылданған болатын. ҚФК алаңы ресейлік субстанциядан дайын өнімді өндіруге анағұрлым дайын болып шықты. РТИҚ мамандары жүргізген техникалық аудит нәтижесі өндірістік алаңның коронавирусқа қарсы вакцинаның дайын түрін шығару үшін барлық талаптарға сәйкес келетінін растады.

Ақпан айының соңында еліміздің барлық өңірлеріне ҚФК өндірген «Спутник - V» вакцинасының 90 мыңға жуық дозасын жеткізу жоспарланып отыр.

Денсаулық сақтау министрлігінде атап өткендей, Қазақстанда жергілікті әзірлеушілердң болуы, сондай-ақ вакциналар өндірісі үшін жергілікті алаңдардың болуы – бұл вакцинамен қамтамасыз етуге байланысты тәуекелдерді азайтуға және еліміздің эпидемиологиялық ахуалының тұрақтануына елеулі ықпал етуге мүмкіндік береді.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5435