Жексенбі, 27 Қыркүйек 2026
4240 0 пікір 17 Ақпан, 2021 сағат 14:41

Украина ХҚ-ны Ресейге қысым жасауға шақырды

Украинаның халық депутаттары халықаралық қауымдастықты Ресейге қысым жасау үшін барлық санкция тетіктерін қолдануға шақырды.

Жоғарғы Рада Біріккен Ұлттар Ұйымына, Еуропалық Парламентке, Еуропалық Кеңестің Парламенттік Ассамблеясына, ЕҚЫҰ-ға, НАТО-ға және басқа да халықаралық институттарға Қырымды уақытша басып алуды және түбекте адам құқығының бұзылуын айыптау туралы үндеу қабылдады.

Бұл туралы 16 ақпанда парламент сайтында жарияланған Жоғарғы Раданың қаулысында айтылған.

Қарарды 450 депутаттың 314-і қолдап, қажетті минимум 226 дауысқа ие болды.

«Украинаның Жоғарғы Радасы жасаған үндеу Ресей Федерациясының Украинаға қарсы қарулы агрессиясына қарсы тұру үшін барлық қолданыстағы халықаралық құқықтық, саяси, дипломатиялық және санкциялар тетіктерін одан әрі пайдалануға бағытталған тағы бір қадам болады», - делінген хабарламада.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1519
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 3133
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1130
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 1049