Дүйсенбі, 28 Қыркүйек 2026
3798 1 пікір 17 Ақпан, 2021 сағат 15:27

Tengri Bank-тің бұрынғы төрағасы ұсталды

Қаржы мониторингі агенттігі «Tengri Bank» АҚ-ның бұрынғы басқарма төрағасы Ержан Шайкенов ұсталғанын растады.

«2021 жылдың жылдың 16 ақпанында Қаржы мониторингі агенттігі қызметкерлері Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабына сәйкес «Tengri Bank» АҚ-ның бұрынғы төрағасы Е.Б. Шайкеновты ұстады. Тергеу мүдделеріне қатысты өзге де мәліметтер жария етілмейді», – делінген хабарламада.

Желіде тараған ақпараттарға сүйенсек, Ержан Шайкенов банк салымшыларының жалпы сомасы 5 млрд теңге ақшасын жымқыру фактісіне қатысы болуы мүмкін.

Еске сала кетсек, 2020 жылдың 18 қыркүйегінде Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Tengri Bank» АҚ-ны банктік операцияларды жүргізуге арналған лицензиядан айыру туралы шешім қабылдаған.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1557
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 3166
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1161
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 1083