Жексенбі, 27 Қыркүйек 2026
4136 0 пікір 18 Ақпан, 2021 сағат 15:16

Еуропалық сот Навальныйды босатуды талап етті

Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық сот Ресейді тез арада Алексей Навальныйды босатуды талап етті.

Сот регламентіне сәйкес, талап міндетті түрде орындалуға жатады. Кері жағдайда шара қолданылады. Бірақ әділет министрлігі бұл талапты орындамайтынын жеткізді.

Ақпан айында Мәскеу соты Навальныйды 2014 жылы шығарылған шешімді алға тартып, 2 жыл 8 айға қамау туралы шешім шығарған. Ол онда алаятық бабымен айыпталған. 2017 жылы Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық сот "Ив Роше" деген істе Навальныйдың құқығы бұзылып, әділетті түрде тергеуге мүмкіндік берілмеді деген қаулы шығарған.

Навальныйға өтемақы төленген. Бірақ Ресейдің Жоғарғы соты шешім заңды деп, оны өзгертуден бас тартқан.

Ресейдің әділет министрлігінің баспасөз қызметі ТАСС агенттігіне Еуропалық сотты "тәуелсіз мемлекеттің сот жүйесіне араласты" деп есептейтінін жеткізген.

Ақпан айының басында Еуропалық кеңестің министрлер комитеті аталған мәселе бойынша Навальныйдың өтінішін қарауға кіріскен.

Егер комитет Навальныйдың өтініші негізді деп санайтын болса, Еуропалық кеңесте Ресейдің құқығы тоқтатылуы мүмкін.

Навальныйды абақтыға қамау туралы сот шешімі әлі күшіне енбеді. Адвокаттарының арызы Еуропалық сотқа жіберілген.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1528
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 3148
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1144
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 1057