Сенбі, 23 Қараша 2024
2927 7 пікір 18 Ақпан, 2021 сағат 15:31

Сирия жөніндегі келесі кездесу Қазақстанда өтеді

Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Ресей президентінің арнайы өкілдері Сирия жөніндегі келесі кездесу Қазақстан астанасында өтетініне сенім білдірді. Бұл туралы 24 kz мәлімдеді.

Аталған келісім туралы Сочиде өткен басқосу барысында белгілі болды.

Екі күнге созылған Астана процесінің жұмысы аяқталды. Оның қорытындысы бойынша кепіл мемлекеттер бірлескен мәлімдеме жасады. Ресей, Түркия және Иран елдері Сирияның аумақтық тұтастығы мен егемендігін мойындайтынын хабарлады. Тараптар терроризммен күресуге толықтай дайын екенін айтып, Сириядағы сепаратистік әрекеттердің көрші елдер қауіпсіздігіне қатер төндіретін атап өтті.

Сонымен қатар Сирия мұнайын заңсыз басып алу әрекетін айыптап, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына Сирия халқын вакциналау ісін жіті назарға алу керек деген ұсыныс айтты.

Басқосуға жиналғандар қақтығыс аймағында қамауда отырған тұлғаларды босату бойынша өзара ынтымақтастықты әрі қарай дамытуға уағдаласты.

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377