Сейсенбі, 26 Қараша 2024
3140 3 пікір 19 Ақпан, 2021 сағат 16:17

Байден кедей елдерге төрт миллиард доллар бөледі

АҚШ президенті Джо Байден 19 ақпанда кедей елдердің вакцинаға қатысты бағдарламаларына төрт миллиард доллар бөлуге уәде берді.

Байден мұндай қадамын "Үлкен жетіліктің" (G7) онлайн саммитінде жариялауды көздеп отыр, дейді Ақ үйдегілер.

Құрама Штаттар COVAX халықаралық бағдарламасына екі миллиард долларды бірден аударады. Бағдарлама әлем елдеріне коронавирусқа қарсы вакцинаны әділетті бөлуді көздейді. Тағы екі миллиард доллар екі жыл көлемінде аударылады.

"Үлкен жетілікке" АҚШ, Германия, Жапония, Ұлыбритания, Франция, Канада және Италия кіреді.

Кедейшілікпен күресетін ONE Campaign ұйымының 19 ақпанда жарияланған есебінде ауқатты елдер коронавирусқа қарсы вакцинаны миллиард данаға артық алып отырғаны айтылған. Соның салдарынан кедей елдерге вакцина жетпей жатыр, деп есептейді ONE Campaign. Құрама Штаттар, Ұлыбритания секілді бай елдер артығымен алған вакцинаны таратуы тиіс, деп мәлімдеді ұйым.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1544
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3332
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6095