Қоғамдық комиссия құрамындағы оппозиция өкілдері Жаңаөзендегі бүлік үшін айыпталғандардың сотын қадағалайтын болады
Тәуелсіз қоғамдық комиссия құрамындағы "Азат" оппозициялық партиясының өкілдері Жаңаөзендегі бүлік үшін айыпталғандар ісі бойынша сот ісін қадағаламақ.
"Қайғылы жағдайларды тексеру жөніндегі бұл тәуелсіз қоғамдық комиссияға ақын-жазушылар, құқық қорғаушылар, қоғам қайраткерлері кіреді. Комиссия партиялық емес, қоғамдық. Біз оған сөзсіз қатысамыз", - деп "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне бүгін "Азат" партиясының бас хатшысы Әміржан Қосанов мәлімдеді.
Ол соттың ашық және әділ болатынына сенім білдірді.
"Біз Жаңаөзен мен Шетпеге сапарымыз кезінде көптеген адамдармен әңгімелестік, олар егер сот көпе-көрнеу әділетсіз болса, сот шешімі алдые ала даярланған болса және қорғаушы тарап өз құқығын жүзеге асыра алмаса, онда билік екінші Жаңаөзенге тап болуы мүмкін екенін айтты", - дейді Ә.Қосанов.
Ол марқұмдар мен айыпталғандардың туыстары адвокаттардың жетіспеушілігіне та келіп отырғанына кейістік білдірді.
Қала кішкентай, бір адвокатқа он шақты адамнан келеді. Бұдан қорғау сапасы зардап шегетіні мәлім.
Олардың туыстары сот Жаңаөзенде емес, Ақтауда өтетініне наразы болып отыр, дейді ол.
"Қарапайым адамдарға күн сайын онда бару қиынның қияметі. Сот бір күн ғана болмайды ғой. Қонақүй немесе пәтер жалдауға тура келеді. Сондықтан адамдар соттың Жаңаөзенде неге өтпейді деген наразылығы бар", - дейді Ә.Қосанов.

kaz.gazeta.kz