Бейсенбі, 17 Қыркүйек 2026
4839 3 пікір 25 Ақпан, 2021 сағат 14:47

Әкімдер 2024 жылдан бастап сайланады

2024 жылдан бастап аудан әкімдерін сайлау жүйесі енгізіледі. Бұл туралы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті.

«Келесі маңызды қадам – аудан әкімдерінің тікелей сайлауы. Мен бұл сайлауды 2024 жылы өткізу керек деп санаймын. Осы бастама елімізді демократияландыруға және жергілікті басқару институтын нығайтуға елеулі үлес қосады деп сенемін. Түптеп келгенде, аудандарда сайлау өткізу – халық билігін ортанудың айқын көрінісі болмақ. Сондықтан құзырлы мемлекеттік органдарға қажетті дайындық жұмыстарын жүргізуді тапсырамын», - деді Мемлекет басшысы.

Айта кетейік, бүгін Ұлттық кеңестің бесінші отырысы өтті. Жаңартылған Мәжіліс құрамында Ұлттық кеңестің 9 мүшесі бар.Өткен жылы 22 қазанда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысы, ал 2019 жылы 6 қыркүйекте алғашқы отырысы болды.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1274
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2816
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 922
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 866