Рәміздер туралы заң қазан айына қалды
Еліміздің қасиетті нышандары ту, әнұран, елтаңба туралы, яғни, рәміздер туралы заңның жобасын талқылау мәселесі алдағы қазан айына қалды. Бұл турасында журналистерге Мәжіліс депутаты Дәриға Назарбаева құлағдар етті. Айтпақшы, аталған заңның жобасын күн тәртібіне қойып жүрген депутаттың бірі осы Дәриға Нұрсұлтанқызы көрінеді.
Кейінгі кездері рәміздерімізді қорлау, оған қалай болса солай қарау ісі жиілеп кетті.
Естеріңізде шығар, Талдықорған қаласындағы орталық алаңда шашылған қоқысты жинап жүргендер байтақ жұртымыздың байрағынан күл таситын қап жасап алғанын көзіміз көріп, жалпақ жұртқа жария еттік. Ол ол ма, Алматы мен Астана қалаларында өткен қысқы Азия ойындарында хоккейшілеріміз жеңістің буына масаттанып тұрып туды жалтыраған мұз айдынның бетіне сырғытып тастай салды. Кереку қаласында керауыз бір пенде әнұранды мазақ етіп, оны камасутраға теңеді.
Қостанайда өткен шаңғышылардың облыстық турнирінде қазақ әнұранның орнына қайдағы бір шата ән шалқып шыға келді. Кувейтте болған жағдай анау. Біреу туын жыртып, қап қылып сүйретіп, әнұранын мазақ етіп жатса, дені дұрыс елдің билігі оны текке қалдырмас еді. Дегенменде, «ештен кеш жақсы»: рәміздер туралы Заң қайта қаралып, мемлекеттік нышандарымызды құрметтеу қатаң бақылауға алынып жатса, «жөн екенге» жүгінеріміз анық.
«Абай-ақпарат»