Жұма, 22 Қараша 2024
3398 0 пікір 1 Наурыз, 2021 сағат 11:31

«Биологиялық қауіпсіздік туралы» заң әзірленеді

2021 жылы «Биологиялық қауіпсіздік туралы» заң әзірленеді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді.

- Төтенше жағдай кезінде заманауи қорғаныс құралдарын енгізу және олардың терроризмге қарсы тұрақтылығын арттыру арқылы  биологиялық қорғайтын жүйелерді жетілдіру қажет болды. Осыған байланысты, 2021 жылы  “Биологиялық қауіпсіздік туралы” заң әзірлеуіміз керек, - деді Денсаулық сақтау министрі.

Бұдан басқа, қызмет инфрақұрылымын жаңғырту және елдің биоқауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жалпы сомасы 55 млрд.теңгеге 2022–2025 жылдарға арналған қосымша қажеттілік есебі жүргізілді. Қызметті цифрландыру тұжырымдамасы әзірленді, оны 2025 жылға дейін аяқтау жоспарланып отыр.

Осы заңды іске асыру шеңберінде бақылау жүйесін жетілдіру үшін халық денсаулығын бағалау, талдау және болжау жүйесін дамыту, сондай-ақ қатерлер мен тәуекелдерге ден қою үшін 38 НҚА-ға түзетулер енгізу көзделіп отыр.

Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің инфрақұрылымын жаңғырту үшін 2,9 млрд.теңге сомасына 459 бірлік зертханалық жабдық және КВИ мен аса қауіпті инфекцияларды диагностикалау үшін 12 бірлік мобильді кешен сатып алынды.

2022-2024 жылдары комитеттің аймақтық бөлімшелерінің 54 ғимаратына жөндеу жүргізіледі. 3 жаңа зертхана ғимаратын салу және Ұлттық сараптама орталығының 27 ғимаратын жөндеу жоспарланған. Комитеттің аумақтық бөлімшелеріне 64 бірлік автокөлік сатып алынады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1460
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3226
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5282