Жұма, 22 Қараша 2024
3302 0 пікір 1 Наурыз, 2021 сағат 12:07

Қазақстанда әскерге шақыру басталды

Қазақстанда жыл сайынғы көктемгі әскери қызметке шақыру басталды. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі мәлімдеді. Әскерге шақырудың көктемгі маусымы 1 наурыздан басталады.

ҚР Қарулы күштері Бас штабының Ұйымдастыру және әскериге жұмылдыру жұмыстары жөніндегі департаментінің басшысы, полковник Сәкен Жүсіповтің мәлімдеуінше, биыл Отан алдындағы әскери борышын өтеуге елдегі 18-27 жас аралығындағы 14 мыңға жуық адам шақырылған.

«Қазақстан аумағында 13,5 мыңнан астам адам (18-27 жас аралығындағы) көктемгі мерзімді әскери қызметін өтеу үшін ҚР Қарулы күштерінің және басқа да әскер мен әскери құрылымдар қатарына шақыртылды», - делінген ведомство хабарламасында.

Айта кетейік, биылғы жылдың 5 ақпанында ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Қарулы күштерінің мерзімді борышкерлерін әскер қатарына шақыру науқанын бастау туралы Жарлыққа қол қойған.

ҚР Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, биылғы көктемгі әскерге шақыру маусымы 1 наурызда басталып, 1 шілдеге аяқталады деп жоспарланған.

ҚР Қарулы күштері полковнигі Сәкен Жүсіпов коронавирус пандемиясына байланысты Қаазақстандағы індеттің таралуы қаупінің алдын алу шаралары мен Қорғаныс ведомствосы қабылдап жатқан тиісті шаралар туралы егжей-тегжейлі айтқан.

Полковник Жүсіповтің айтуынша, биыл әскер қатарына шақыртылатын азаматтардан екі мәрте, бірінші рет әскерге шақыру кезінде, сосын әскери бөлімге келген сәтте арнайы жасақталған құрама пункттерде ПТР сараптамалары алынады. Ал ҚР Үкіметінің арнайы қаулысына сәйкес, әскер қатарына шақыртылған азаматтарға екпе жүргізу әскери қызметтерін өтейтін бөлімшелерде жүзеге асырылады.

Биыл әскерге шақыру тәсілі де бұрынғыдан өзгеше болмақ. Әскери міндетін өтеуге жарамды азаматтарды хабарлаудың жаңа тәсілі коронавирус панлдемиясына байланысты енгізіліп отыр. Пандемия жағдайында тікелей қарым-қатынасты болдырмау және азайту мапқсатында ҚР Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің 1414 сервиятік қызметі пилоттық режимде әскерге шақыртылушыларға СМС хабарламалар жіберетін болады.

ҚР Қарулы күштерінің полковнигі Сәкен Жүсіпов әскери қызмет – ҚР азаматтарының, әрбір жас азаматтың конституциялық міндеті екенін, ал әскери борышын өтеуден жалтару – қылмыстық һәм әкімшілік жауапкершілік жүктейтінін айтады.

«Әскерден қашып, ақша беру арқылы немесе әскерден жалтаруға көмек көрсетуге уәде еткен таныс-тамырларыңыз арқылы әскерден қашуға немесе әскерден босату мәселесін шешуге әрекет етпеңіз. Бұл қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік жүктейтін әрекет. Сондай-ақ, халықтың бейхабар екенін пайдаланып, әскери қызметті кейінгі қалдыруды көздейтін алаяқтық», - дейді Жүсіпов.

Полковник Әәкен Жүсіпов әскери қызметке қатысты туындаған барлық сауалдарға жауап алу үшін ҚР Қарулы күштерінің «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесіне жүгіну керектігін айтады.

«Әскери қызметке шақыруға байланысты барлық мәселелер мен туындаған сұрақтар кеңес бере отырып, барынша ашық форматта ұйымдастырылады. Ол үшін жергілікті әскери басқару органдарына жүгіну керек. Немесе ондағы электрондық пошта жәшіктері мен әлеуметтік желілерде ресми аккаунттар арқылы сұрап-білуге болады», - дейді полковник.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1460
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3226
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5282