Сенбі, 30 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3116 0 пікір 29 Наурыз, 2012 сағат 08:06

Таңшолпан БЕКБОЛАТ. «G-Global»: сәуле нұрға айнала ма?

 

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев әлемдік дағдарыстың тежелмей тұрғанына ерекше алаңдаушылық білдіріп, «G-8» және «G-20» басқосуларының нәтижесіне көңілі толмайтынын айта келіп, «G-Global» алқалы жиыны ерекше қажет болып тұрғанын, керек болса мұндай мәселені талқылайтын үлкен жиынды Астана экономикалық форумының аясында өткізуге Қазақстанның дайын екенін мәлімдегені баршаға белгілі. Содан бері біршама уақыт өтті. Елбасымыздың осындай келелі ойына ой қосқан әлемдік деңгейдегі ғалымдар мен қоғам және мемлекет қайраткерлері де уақыт озған сайын көбейіп келеді. Әлем жұртшылығы бұл мәселеге неге айрықша көңіл бөлуде? Біздің ойымызша, айылын жимай тұрған дағдарыстың «жұқтырушысын» анықтап, дүниежүзі экономикасын одан емдей алатын жалғыз үміт енді бұл мәселе төңірегінде әлем мемлекеттерінің бірлескен қимылы керек. Міне Н.Назарбаев көтерген мәселе мен ұсыныс осы бағыттағы алғашқы қадам болмақ.

 

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев әлемдік дағдарыстың тежелмей тұрғанына ерекше алаңдаушылық білдіріп, «G-8» және «G-20» басқосуларының нәтижесіне көңілі толмайтынын айта келіп, «G-Global» алқалы жиыны ерекше қажет болып тұрғанын, керек болса мұндай мәселені талқылайтын үлкен жиынды Астана экономикалық форумының аясында өткізуге Қазақстанның дайын екенін мәлімдегені баршаға белгілі. Содан бері біршама уақыт өтті. Елбасымыздың осындай келелі ойына ой қосқан әлемдік деңгейдегі ғалымдар мен қоғам және мемлекет қайраткерлері де уақыт озған сайын көбейіп келеді. Әлем жұртшылығы бұл мәселеге неге айрықша көңіл бөлуде? Біздің ойымызша, айылын жимай тұрған дағдарыстың «жұқтырушысын» анықтап, дүниежүзі экономикасын одан емдей алатын жалғыз үміт енді бұл мәселе төңірегінде әлем мемлекеттерінің бірлескен қимылы керек. Міне Н.Назарбаев көтерген мәселе мен ұсыныс осы бағыттағы алғашқы қадам болмақ.

Орайы келгенде айта кетейік, дағдарыстан шығу жолын көрсеткен алғашқы қадам осы деу, әрине, бұрынғы білместік болып шығады. Біздің Елбасымыздың 2009 жылдың өзінде Делиде дүниежүзілік дағдарыстың «қоздырушы вирусын» дөп басып анықтап бергені әлі есте. Содан соң Н.Назарбаев осы тақырыпты тереңдете талқылаған бірнеше мақаласын халықаралық бұқаралық ақпарат құралдарында жариялап үлгерді. Онымен жан-жақты танысқан дүниежүзінің бір топ даңқты ғалымдары, сондай-ақ Қытай халық республикасы, Ресей Федерациясы, Франция секілді мемлекеттердің бірінші бас­шылары да Елбасымыздың бұл ұсынысын орынды деп таныды. Бірақ «сең әлі бұзылған жоқ». Дағдарыс айылын жиюдың орнына өрісін кеңейтіп адамзат экономикасының тынысын тарылтып барады. Еуроодақтың іргесі шайқалып тұрады. АҚШ экономикасындағы жағдай да ушыға түскен. Бұл аймақтардағы жұмыссыздық деңгейі 10 пайыздан баяғыда асқан, ол уақыт озған сайын көбейе түсуде. Ал бұл елдерде жұмыссыздықтың 9 пайыздан асуы қатерлі жағдай деп аталады. Демек, әлем қатерлі жағдайда тұр. Өйткені АҚШ және Еуроодақ елдерінің қосынды жылдық ішкі жалпы өнімінің мөлшері қалған бүкіл әлем өндіретін өнімнен де көп. Де­мек, бір-бірімен тығыз байланысқан жер шары мемлекеттерінің барлығы да «тізбекті реакция» алдында. Олай болса Н.Назарбаевтың «G-Global» жиынын шақыру туралы ұсынысы әлемдік экономикаға дағдарыстан шығу жолын көрсететін сәуле деп қабылдануы мәселені дұрыс түсінгендік. Ал ол сәуле нұрға айнала ма? Мінекей, бұл мақалада талқылайтын мәселе осы.

1. Сәуленің көрсеткені

Иә, әлемдік экономика «қоздырушы вирустың» өз ағзасында бар екенін білмегендіктен айықпас дертке душар болды. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Делиде жасаған мәлімдемесі және одан кейін сол мәлімдемені жан-жақты түсіндіруге арналған мақалалары әлемдік экономикаға сәуле түсіріп, осынау алып ағзадағы «қоздырушы вирусты» саналы жұртшылықтың анық көруіне мүмкіндік берді. Бұл «қоздырушы вирус» адамзатқа екінші дүниежүзлік соғыстан соң таңылған Дүниежүзілік сауда ұйымы, Халықаралық валюта қоры, халықаралық валюта деп аталатындармен бірге келді. Рет-ретімен түсіндірейік.

1. Экономикасы қарқынды дамуға бет алған АҚШ енді тауарын өткізетін рынок із­дей бастады. Осы уақытта ол ГАТТ (тауарлар мен тарифтер жөніндегі бас акт) деп аталатын халықаралық жаңа ұйымның өмірге келуіне ұйытқы болды. Бұл аталған ұйымға мүше мемлекеттердің тауарларының бір-біріне баж салығын салмай еркін өтуіне жол ашатын келісім-шартты өмірге әкелді. Бертін келе ұйымға ын­та білдірушілер көбейген соң ол ДСҰ (ВТО) болып атауын өзгертті. Былай қарағанда өндірісі ішкі сұранысты қамтамасыз ете алмай жүрген мемлекеттер үшін арзан тауар көзі болып саналатын бұл ұйым, турасын айтқанда, мешеу мемлекеттерді одан әрі тұралатып, дамыған елдердің тауарлы өндірісін қолдайтын бір халықаралық беделді мекеме болып шықты. Айталық, КСРО-дан енші алған толып жатқан жаңа мемлекеттердің экономикасы осы уақытқа дейін түзелмей, бәрінде дерлік төңкерістер толқыны болып өтсе, бұған ең бірінші себепкер осы ұйым екені даусыз. Бұл мәселе төңірегінде бұған дейін де «Айқын» газетінде арнайы жазылғандықтан енді оған тоқталып жатпаймыз.

2. Халықаралық валюта қоры және Халықаралық валюта деп аталатын ұғымдар да жоғарыда аталған халықаралық тауар таратушы ұйымның жұмысын жандандыруға байланысты өмірге келді. «Ұзын шоқпар» ұстанымын «ұзын доллар» саясатына ауыстырып алған АҚШ билігі екінші дүниежүзілік соғыс аяқтала салысымен Брэттен Вуд келісімшартын өмірге әкелуге мұрындық болды. Соғыстан титықтап шыққан Еуропа мемлекеттері мен Жапония мұны қолдауға ықтиярсыз келісті. Өйткені оларға ес жию үшін де сырттың көмегі керек еді. Ақыр аяғында АҚШ мемлекетінің ұлттық валютасы долларды халықаралық валюта ретінде қабылдады. Бастапқыда олар «доллар мемлекеттегі алтын мөлшерімен қамтамасыз етілетін болсын» деген талаптарын шартқа енгізген болатын. Кейіннен, дәлірек айтсақ, 1976 жылы АҚШ бастапқы келісім - шарттағы доллардың АҚШ қорындағы алтынмен шендестірілуін міндеттейтін бапты алып тастауға ұйымның басқа мүшелерін көндірді. Сөйтіп, бұл мемлекет тек қана қағаздан доллар деп аталатын халықаралық валюта деген беделі бар дүние басып шығарып-ақ, байи алатын құдіретті алпауытқа айналып шыға келді. Дүниежүзі түгіл ұйымға мүше мемлекеттер алдында да еш жауапкершіліксіз болып шықты.

3. Дүниежүзілік қаржы жүйесінің бүгінгі жұмысындағы болмыс-бітім де Кейнс ­ теориясының негізінде тұлғаланды. Олай дейтін себебіміз Кейнс теориясы жауапкершіліксіз және шексіз инвестицияны қолдайды ғой. Қазіргі әлемдік қор биржаларындағы «жұмыс» жағдайы да солай. Эмитенттер құнды қағаз сатып алушылар алдында, керісінше құнды қағаз иелері эмитенттер алдында жауапкершілігі жоқ «жақтар». Мұндай жағдайда бағаны өсіру мен түсіру белгілі бір топтардың арнайы ұйымдастыратын «құқайы» болып шығады. 1998 жылғы Азия қор биржаларындағы дағдарыс соның салдары екені анықталған. Тіпті, бүгінгі АҚШ және Еуроодақ қор биржаларындағы «толқулар» да соның салдары. Жауапкер­шілік жоқ жерде Адам Смиттің «көрінбейтін қолы» да қабілетсіз.

4. Дүниежүзілік рейтинг агенттіктері де АҚШ ықпалды топтарының ұйымдастыруымен өмірге келген және тек осы мем­лекет мүддесі үшін жұмыс істейтіндер. Сон­дықтан да олардың «есептерінде» үнемі өрескел қателіктер жүрсе де зардап шегушілер алдында бұлардың бірде-бірі әлі күнге жауап берген жоқ. Мәселен, 2007 жылғы Нью-Йорк қор биржасында тұ­танып, одан күні бүгін талайды күйдірген алапат өртке айналған дағдарыс өрті ең бірінші рейтинг агенттіктері ең жоғары баға берген алпауыт компанияларды жалмады. Күні бүгінге дейін солай болып келеді. Бір көңіл аударарлық тұс халықаралық рейтинг агенттіктері мүмкіндігін төмен бағалаған компаниялар, мемлекеттер бұл дағдарыстан зардап шегудің орнына жағдайын жақсартып алды. Демек, «есеп» қате. Есеп тек бір мемлекеттің мүддесін қорғау үшін «жұмыс істесе» әрқашан да оның шешімі қате болады.

Мінекей, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сәулесін түсіріп көрсетіп берген дағдарысты қоздырушы вирус осылар. Осылардан құтылу үшін «G-Global» шешімі керек. «G-Global» шешімі дұрыс болса, ол Н.Ә.Назарбаев сәулесіне лазерлік қуат беріп, әлемдік экономика ағзасында жүрген дерт қоздырғыш вирустарды жоя алады. Олай болмаған жағдайда «баяғы жартас - бір жартас» қайталана берсе одан басқаны былай қойғанда ең алдымен АҚШ үлкен зардап шегеді немесе сол үлкен зардапты мемлекет тұрғындарының сезініп, билікке ашықтан-ашық қарсы тұруын болдырмас үшін аталған мемлекет үлкен бір соғыс өртін тұтатуы мүмкін.

2. Сәуле нұрға айнала ма?

Сәуленің нұрға айналуы үшін ең алдымен АҚШ ықпалды тобына қарсы шыға алатын қуатты күш керек. Мұндай күш тек қана Қытай, Ресей Федерациясы, Жапония, Еуроодақ және мұнай экспорттаушы Таяу Шығыс мемлекеттерінің ықыласы бір нүктеде түйіскенде ғана пайда болады. Олай болмаған жағдайда АҚШ ықпал­ды тобы дәл осы жолмен жүре беретін болса, өздері көретін «құқайдың» сұлбасын зердемен байқап, мойындауы, сонан соң бұл жолдан бас тартуы керек. Осы екеуінің қайсы үміт күттіреді?

АҚШ әзірге «доллар басып шығару» мүмкіндігінен айырылғысы келмейді. Ресейдің танымал қаржыгері Алексей Кудрин айтқандай, ол жақтағы билікте күні бүгін ақиқатқа тура қарай алатын тұлға жоқ. Екіншіден, мұндай «май шелпектен» бас тарту қалай болғанда да қазіргі таңда мемлекеттік берешегі 17 триллион доллардан асып кеткен ел үшін үлкен зардапты болмақ. (Ескерте кетейік, уақыт озған сайын бұл зардаптың көлемі ұлғая түспек). Ал мемлекет басшылары өздеріне «сайлаушылар берген» мерзім мен мүмкіндікті мұндай «іске» пайдалануға қорқады. Демек, АҚШ тарапынан «өз еркімен» әлемдік экономика деп аталатын алып ағзаға жабысқан дағдарыс қоздырушы паразит жағдайында өмір сүруден бас тарту үміттен гөрі күдікті көбірек туғызатын бір сағымдай ғана дүние. Олай болса келесі жол қалады.

Қытай, Ресей Федерациясы, Жапония, Еуроодақ және мұнай экспорттаушы Таяу Шығыс мемлекеттерінің күш біріктіріп алпауыт АҚШ билігіне «бұл жолдан бас тарт» деуі мүмкін бе?

Иә, Қазақстан Республикасының басшысы бұл сөзді қорықпай, үрікпей жеке- дара айтып шыққан. Сонан соң оны қайталады. Бертінде Франция президенті Николя Саркози «бұл мәселені «G-20» қарауына шығарамын» деп батырсынғаны белгілі. Бірақ сол дөкейлер сол мәселені талқылады дегенді естіген жоқпыз. Бар естігеніміз БРИКС тобындағылардың бұдан былай өзара экспорт-импорт алмасуда доллармен жұмыс істемеуге келіскендігі. Айтқандай, жекелеген «әріптес мемле­кеттермен» сауда айналымында долларды қолданбау жолына Жапония, Араб әлемі және Латын Америкасындағы бірқатар елдер көшкен болатын. Десек те, Еуроодақтың қалған мемлекеттері мүл­де «тым-тырыс». Ашы­ғын айтайық, Лондон мен ТельАвив Ва­шингтонға ешқашан да қарсы шықпайды. Мына тыйылмай тұрған дағдарыс Еуро­одақтың қалған мемлекеттерін «ақылға түсіре ме?» ол жағы белгісіз.

Қалай десек те, жағдай әлі түсініксіз. Астана экономикалық форумы аясында «G-Global» өте қалса біздің Елбасымыз тағы да басты кемшілікке сәулесін түсіріп, әлем жетекшілерінің «көздерін ашары» сөзсіз. Ал оның лазерлік нұрға айналуы мемлекеттердің күш біріктіруіне қарап тұрған секілді. Ескерте кетейік, Еуроодақтағы дағдарыс егер дәл осы төңіректе дұрыс шешім қабылданбаса, түзелудің орнына ушыға түседі. Одан зардап шегетіндер бүгінгідей санаулы емес одан әлдеқайда көп болмақ.

«Айқын» газеті

 

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1588
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2291
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3654