Мирзиёев: Үй бағасы метріне 381 доллардан аспасын
3 -наурыз күні Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Өзбекстандағы баспана мәселесі бойынша видеоконференция өткізді. Конференция барысында президент үй бағасы тым қымбат екенін ескертіп, шаршы метрі 381 доллардан аспайтын болсын деп тапсырма берді. Бұл біздің ақшаға шаққанда 160 мың теңге деген сөз.
Шавкат Мирзиёев баспана бағасы шарықтамау үшін құрылыс материалдарын уақытылы жеткізу мен арзан әрі сапалы материалды табу маңызды екенін айтқан.
«Ең үлкен мәселе ол баспанаға деген әділетті бағаның болуы. Біздің халқымыз баспана бағасына көңілі толмайды», - деді ол.
Өзбекстанда 2021-жылы 54 мың отбасыны баспанамен қамтамасыз ету көзделіп отыр. Бұл мақсатта 45 мың үй салынбақ.
Abai.kz