Сенбі, 23 Қараша 2024
Анық-қанығы 4706 1 пікір 4 Наурыз, 2021 сағат 12:45

Қазақстан Қытайдан вакцина ала ма?

Қазақстанға коронавирусқа қарсы тағы бір шетелдік вакцина жеткізілуі мүмкін. Бұл туралы ОКҚ-да өткен брифингте Денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары Марат Шоранов мәлімдеді.

Марат Шоранов Қазақстанға ресейлік «Спутник V» вакцинасынан бөлек, көрші Қытай елінен де коронавирусқа қарсы екпе жеткізілуі мүмкін екенін айтты. Алайда, аталған вакцинаның қашан жеткізілетіні әзірге беймәлім.

«Отандық KAZ COVID IN вакцинасы шілде айында шығады деп жоспарланып отыр. Жалпы, бұл екі вакцинадан басқалары да қарастырылып жатыр. Қазіргі кезде шет мемлекеттерде екпе әзірлеушілермен келіссөздер жүргізілуде. Қазақстанға қашан, қандай көлемде, қандай вакцина әкелінетіні осы келіссөздердің нәтижесіне байланысты болады. Вакцинаның тиімділігі ескеріледі, сондай-ақ, оны тіркеу қажет. Келісімшарт жасалған соң тиісті ақпарат жарияланады», - деді М.Шоранов.

ДСМ мәліметінше, бүгінде елімізде 22 мың адам егілді, тек 70 адам ғана вакцинациядан бас тартты.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5351