Сенбі, 5 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 3763 0 пікір 2 Сәуір, 2012 сағат 12:11

2012 жылғы наурызда күнкөрістің ең төменгі деңгейінің мөлшері 16 мың теңгені құрады

Статистика агенттігінің мәліметіне қарағанда, негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 2012 жылғы наурызда өткен аймен салыстырғанда 0,7 пайызға, 2011 жылғы наурызға қарағанда - 2,9 пайызға өсті. Оның құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі 23,7 пайызға, сүт, май және тоң май өнімдері мен жұмыртқаға - 16,6 пайыз, жемістер мен көкөністерге - 9,5 пайыз, нан және жарма өнімдеріне - 7,9 пайызды, қант, шай және дәмдеуіштерге шығыстар - 2,3 пайызды құрады.
Ең төменгі күнкөріс деңгейі - мөлшері бойынша ең төменгі тұтыну қоржынының құнына тең. Ал ең төменгі тұтыну қоржыны адам тіршілігін қамтамасыз етуге қажетті тамақ өнімдерінің, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің заттай және құндық көріністегі ең төменгі жиынтығы болып табылады. Ол азық-түлік қоржынынан және азық-түлік емес тауарлар мен ақылы қызметтерге жұмсалатын шығыстардың бекітілген үлесінен тұрады. Күнкөрістің ең төменгі деңгейін есептеуге арналған аз тұтынылатын азық-түлік емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын шығыстардың үлесі ең төменгі тұтыну қоржыны құнының 40 пайыздық мөлшерінде белгіленген.
kaz.gazeta.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 878
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2289
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 589
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 567