Сейсенбі, 8 Қыркүйек 2026
Билік 4634 0 пікір 10 Наурыз, 2021 сағат 13:44

Қазақ-қырғыз көші-қоны. Қандай келісім жасалды?

Бүгін Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен жалпы отырыста депутаттар Қазақстан мен Қырғыз Үкіметтері арасындағы көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасын мақұлдады.

Нұрлан Нығматулин заң жобасын талқылау кезінде осыдан бір апта бұрын Қырғыз Республикасының Президенті біздің елге мемлекеттік сапармен келіп, қос мемлекет басшыларының  екі елдің аумағы арқылы азаматтар мен көлік құралдарының еркін қозғалысы мен транзиті үшін келісілген шаралар қабылдаудың маңыздылығы туралы айтқанын атап өтіп:

- Бұл заң жобасы екі ел үшін де өте маңызды. Себебі, біздің мемлекеттеріміздің өзара әріптестігі барлық салада өте тығыз. Мысалы, былтыр Қырғызстаннан біздің елімізге 250 мың азамат келген болса, ал, Қырғыз еліне Қазақстаннан 175 мың азамат барған. Мәселені нақтылап айтқанда, елдеріміз арасындағы көші-қон мәселесін дұрыс реттеу үшін осы Келісімді ратификациялап отырмыз, - деді Мәжіліс Төрағасы.

Палата Спикерінің айтуынша, аталған Келісімді ратификациялау заңсыз көші-қонға қарсы күресте екі ел ынтымақтастығының, көші-қон процестерін реттеудің, қос азаматтық фактілерінің жолын кесудің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 984
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2516
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 688
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 659