Сенбі, 5 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 3215 0 пікір 4 Сәуір, 2012 сағат 07:22

Министр ғалымдардың үш айдан бері жалақысыз отыруының себебін түсіндірді

Ешқандай зерттеу жұмыстарымен айналыспайтын ғылыми институттар қаржыдан қағылады. Тіпті жабылып қалуы да мүмкін. Білім және ғылым министрі бүгін осындай қатқыл мәлімдеме жасады. Ал ғалымдардың үш айдан бері жалақысыз қалғанына, тиісті құжаттардың жіті сараптамадан өтіп жатқанымен түсіндірді.
Бақытжан Жұмағұлов, ҚР білім және ғылым министрі:
- Келісім-шартқа қол қойылғаннан кейін ол қаржы мекемесінен өтуі керек. Мен мұны ойлап шығарғаным жоқ. Солай заңды түрде өтуі керек. Біз әр тиынға жауаптымыз ғой.
Осылай деген министр еңбекақы мәселесіне қатысты дау барлық емес, тек бірді екілі ғылыми институттарда туындап отырғанын айтты. Бұған ғалымдардың өздері кінәлі көрінеді. Өйткені мемлекеттік тапсырыс бөлетін байқауларға белсенді қатыспайды. Одан қалды тың жаңалықтары да аз.  Естеріңізге салсақ, өткен аптада бірқатар ғылыми-зерттеу институттарының қызметкерлері жаңа жылдан бері жалақы көрмегендерін айтқан. Мемлекеттік тапсырыстан қағылдық деп Үкіметті кінәлаған еді.
kaz.gazeta.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 867
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2268
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 583
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 562