Сенбі, 5 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 3623 0 пікір 4 Сәуір, 2012 сағат 07:34

Түркия бұрынғы президентті соттамақ

Түркияда 1980 жылы 12 қыркүйекте мемлекеттік төңкеріс жасап, үш жыл әскери билік құрған 94 жастағы генерал Кенан Эвренге қарсы сәрсенбіде сот басталады.
Кенан Эврен әскери билік құрған үш жылда 50 адам қудаланып, жарты миллион адам тұтқындалған. Жүздеген адам қуғында қайтыс болып, мыңдаған адам із-түссіз жоғалып кеткен болатын.
Анкара соты 30 жылдан астам уақыттан соң бұрынғы президентке қарсы сот тыңдауын бастамақ.
Эвренмен бірге сотқа әскери төңкеріске қатысқан бұрынғы әуе күштерінің бас қолбасшысы, 87 жастағы Тахсин Сахинкай да тартылмақ.
Кенан Эвренге қандай жаза кесілетіні әзірге белгісіз.
«Азаттық радиосы»

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 901
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2333
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 607
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 586