Жұма, 16 Мамыр 2025
Жаңалықтар 1411 0 пікір 17 Ақпан, 2021 сағат 18:11

Мәжіліс депутаттары Жаңатастағы қайғылы оқиғаға көңіл айтты

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Мәжіліс депутаттарының атынан Жамбыл облысы Сарысу ауданының Жаңатас қаласында өрт салдарынан қаза тапқан балалардың ата-анасы мен жақындарына көңіл айтты.

«Тілсіз жаудың салдарынан қаза тапқан бүлдіршіндер туралы суыт хабар барша қазақстандықтардың қабырғасын қайыстырды. Зардап шеккен Әбдімәліковтер отбасына, туған-туыстарына орны толмас оқиғаға байланысты барлық депутаттық корпус атынан көңіл айтамын», - деді Нұрлан Нығматулин.

Сондай-ақ, Палата Спикері зардап шеккен отбасыға сабыр мен бекемділік тіледі.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2664
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 4342