Сенбі, 23 Қараша 2024
4659 7 пікір 17 Наурыз, 2021 сағат 16:54

Мәмин мен Мәндібектің мәлімдемесі: Кімдікі өтірік?

Журналист Ербол Мәндібек Facebook парақшасында Үкімет мүшелері бюджеттің қыруар қаржысына ұшақ жалдайтыны жайлы жазған болатын. Оның жазғанын ресми билік жоққа шығарды. 

«Премьер-министр Асқар Маминнің ұшағына артық адам отырмайды. Мәселен, өңірлерге жұмыс сапары кезінде вице-премьерлерге бөлек бизнес-ұшақ қарастырылған. Оған министрлердің міңгесуіне рұқсат. Бизнес санаттағы ұшақтың 1 сағаты кемі 5000 евродан басталады. 10 сағат жалдасаңыз 50 000 евро. Ұлттық валютамен есептесеңіз шамамен 25 миллион теңге. Бұл-бір бағыттың ғана шығыны. Ал, халықаралық ұшулар құны 40 000 евродан басталады. Жылына кемінде ішкі және сыртқы 30-40 жұмыс сапары жоспарланады. Оның шығынын есепшотқа соға беріңіз. Сомасы миллиардтарды құрайды.

Премьер-министрді, 4 вице-премьерді және министрлерді, Сенат пен Мәжіліс төрағаларын «туда-сюда» тасымалдауға жыл сайын Республикалық бюджеттен 15 000 000 000-20 000 000 000 (он бес-жиырма миллиард теңге) қарастырылады»,- деген еді журналист Мәндібек.

Алайда Мәминнің баспасөз қызметі бұл ақпараттарды толықтай жоққа шығарды. Баспасөз қызметі:

«2021 жылға ҚР Премьер-Министрі мен Премьер-Министрдің орынбасарлары бастаған қазақстандық делегациялардың аса маңызды ұшу сапарларын (литерлік рейстерді) жүзеге асыруға 578 млн теңге мөлшерінде шығыс қаражаты қарастырылған.

Көрсетілген сома 2021 жылы көлік қызметтерін қамтамасыз етуге есептелген. Бұл ретте төлем қазақстандық делегациялардың орындалған нақты өңірлік және халықаралық ұшу жағдайлары бойынша төленеді. Мысалы, 2020 жылы осы мақсатқа 578 млн теңге қарастырылса, іс жүзінде 275,6 млн теңгеге жұмсалды.

Премьер-Министр мен Премьер-Министрдің орынбасарларында тек оларға бекітілген жеке ұшақтар жоқ.

Ұшақ арқылы жүзеге асырылатын сапарлар еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін шешу үшін ҚР өңірлері ішінде, сондай-ақ Мемлекет басшысының шет елдермен, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақ және басқа да бірлестіктер аясында экономикалық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау мақсатында таяу және алыс шетел мемлекеттеріне тек қызметтік мақсаттарда орындалады.

«Кестесіз жолаушыларды тасымалдау бойынша әуе көлігі қызметтерін (ішкі және халықаралық)» ҚР ПІБ «Бүркіт» мемлекеттік әуе компаниясы» ШЖҚ РМК көрсетеді. Министрлер бастаған қазақстандық делегациялардың ұшу сапарларын коммерциялық әуе компанияларының рейстік жолаушылар ұшақтары жүзеге асырады.

Қазақстандық мемлекеттік БАҚ-тың бұрынғы журналисті ұшақта қызмет көрсетуге қызыл және қара уылдырық, арақ пен виски, экзотикалық жемістер кіретінін жазды, бұл да шындыққа жанаспайды.

Ұшу ұзақтығы 1 сағатқа дейін болған жағдайда жолаушыларға алкогольсіз салқын сусындар мен снэктер, ұзақтығы 1-3 сағат болған кезде ыстық тамақ пен ыстық сусындар (шай, кофе) беріледі. Бортта тамақтандыру әрекет етіп тұрған заңнамаға – «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» ҚР Заңына, жолаушыларды, багажды және жүктерді әуе көлігімен тасымалдау қағидаларына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес ұсынылады»,- деді.

Журналист Мәндібектің айтқаны мен Мәмин баспасөзінің мағлұматы бір-біріне кереғар болып тұр. Қайсысы өтірік, қайсысы шын? Оны патша көңіліңіздің таразысына салыңыз.

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1474
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5446