Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3978 0 пікір 5 Сәуір, 2012 сағат 11:21

Мұхан Исахан. Оғыз қаған және Түркі өркениеті

Суретте - Шяньшидағы Оғыз қағанның пирамидасы

Елімізде енжар дамып келе жатқан салалардың бірі тарих ғылымының теория-методологиясы мен философиясы десек әсте қателеспейміз. Оның айқын дәлелі соңғы ширек ғасырда осы сала бойынша әлемдік ғылыми жаңалығы бар бірде-бір сүйекті, ірі ғылыми еңбек жарық көрмепті. Керісінше, тарихи оқиғаларды жеткізумен шектелетін қаптаған кандидаттық һәм докторлық диссертациялар қорғалып, ғылымға кездейсоқ келген қаншама жиенбайлар мен жолбикелер профессор атағын алды. Әсіресе, тарихи қолжазбалар мен археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесін кешенді түрде тұжырымдап, түркі мәдениеті мен өркениеті турасында жаңа көзқарас, соны пікір айтқан ғылым иелерін өкінішке қарай өз ортамыздан көре алмай отырмыз. Әлбетте, өткен тарихымыздың белгілі бір кезеңдерін жан-жақты зерделеп, өзіндік пайым жасаған парықты азаматтар мүлде жоқ емес, сирек болса да бар. Бірақ, төл тарихымыздың шындығын паш ететін кешенді жаңа философиялық байламдар жасалған жоқ. Айталық, түркілерде өркениет болған ба, болмаған ба? деген мәселе ғылымда әлі күнге дейін басы ашық күйде қалып отыр. Біз бүгін талайдан бері түйіні тарқатылмай жүрген осы мәселеге қатысты өз ой-тұжырымымызды ортаға салмақпыз. Сонымен еуроцентристер айтқандай түркілер шын мәнінде варвар болған ба, жоқ әлде, белгілі бір өркениет иелері ме?

Ал, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы бабамыздың келтірген дерегіне қарағанда түркілерге Озған атты пайғамбар келген көрінеді. Мәшһүр бабамыздың айтуына қарағанда, түркілерге жаңа пайғамбар Мұхаммед (с.а.у)-ның әкелген діні туралы хабар жеткенде, бабаларымыздың бір тобы араб түбегіне сапар шегіп, Мұхаммед (с.а.у)-мен жүздесіп өздерін: «Озған (Оғыз қаған) пайғамбардың үмбетіміз деп таныстырғанда (Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы. Ит дүние. Алматы 2008), Алла Елшісі түркілердің бұрынғы пайғамбарын терістемеген көрінеді. Сондай-ақ, белгілі фолкльортанушы Шәкір Ыбыраевтың жинаған аңыз-әңгімелерінде де Озған атты пайғамбардың есімі ұшырасады (Қараңыз: Қазақтың мифтік әңгімелері. Құрастырған Ш.Ыбыраев, П.Әуесбаева. Ғылым баспасы. Алматы 2002).

Тегінде, түркі халықтарында Озған пайғамбар немесе Оғыз қаған туралы «Оғызнама» атты көне дастанның бар екендігі баршаға аян. Бұл дастанның бүгінгі күнге аздаған ерекшеліктері бар Исламға дейінгі және Исламнан кейінгі екі нұсқасы жеткен. Екі нұсқаның мәтінінде кейбір атаулар мен терминдердің өзгешелігі болғанымен, жалпы екі нұсқаның желісі бір. Көптеген зерттеушілер осы шаққа дейін «Оғызнаманың» бұл екі нұсқасын зерттеп, бұл туындыға қатысты өз пікірлерін берген. Әйтсе де, зерттеушілердің басым көпшілігі «Оғызнаманың» әдеби һәм тілдік қырын зерттеумен шектелген. Тек, кейбір зерттеушілер ғана Оғыз қаған қиялдан туған образ емес, оның тарихи тұлға екенін болжайды. Мәселен, Н.Я. Бичурин Оғыз қағанды хұндардың тәңірқұты Мөде екенін айтады (Бичурин Н.Я. (Иакинф). Собрания сведений о народах, обитавших а Средней Азии в древние времена. Москва 1950 т. 1. 46-47 сс). Иакинф әкейдің бұл болжамын түрік зерттеушісі Ахмет Кабаклы да жақтап, ол да Мөде мен Оғыз қағанды бір кейіпкер деп біледі (Ахмет Кабаклы. Түрік әдебиеті. Ыстанбул 1997. 12 б)

(толығырақ haq.abai.kz оқи аласыздар)

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5318