Сенбі, 23 Қараша 2024
Анық-қанығы 4794 5 пікір 23 Наурыз, 2021 сағат 16:34

Қандастар жерсіз қалмайды...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамашылығымен ұсынылған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Мәжіліс талқысына келіп түскені белгілі.

Қолданыстағы «Жер Кодексінде» қандастарымызға жердің пайдалану құқығын беру туралы біраз норма жаңа жобада алынып тасталыпты. Тек «босалқы жерден уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығымен жүзеге асырылады», деген норма күшінде қалған.

Осыған байланысты әлеуметтік желілерде «Қандастарымызға жер берілмейтін болыпты!», деген сөз желдей есе бастады. Әсіресе, «WhatsApp-та» бұл әңгіме қызып тұр екен. Тіпті, айғай-аттанға уласып жатқан көрінеді...

«Жер кодексіндегі» Қандастарға жер учаскелерiн беру туралы нормалар «Қандас» (бұрынғы «Оралман») мәртебесінің мерзімінің шектелмей тұрған кезінде енгізілген.

Қазіргі қолданыстағы «Халықтың көші-қоны туралы» заңына сай, «Қандас» мәптебесінің мерзімі бір жыл.

Демек, «Қандас» мәртебесін алып, баяғыдай екі елдің арасында шаңдатып жүретін мезгіл жоқ, қазір. Атажұртқа оралған әрбір ағайын бірден Қазақстан Республикасының азаматтығын алуы керек. Азаматтық алудың да жолдары айтарлықтай жеңілдеді.

Тәжірибе көрсеткендей, қазір қандастарымыз «Қандас» мәртебесімен бір жылдың ішінде жер телімін алып үлгірмейді.

Оның үстіне, Президент «Жер шетелдіктерге сатылмайды және жалға берілмейді» - деп,  Жер дауына нүкте қойды. Президент Шешімі енді заңмен бекітілмек.

Ұлты қазақ болғанымен де, «Қандас» мәртебесін алғанымен де, шеттен оралған қандастарымыз шетел азаматы.

Сол себепті, олар тарихи Отаны Қазақстанға оралған соң еш ойланбастан азаматтыққа құжат тапсыруы керек. Көшіп келуге ниет еткен әрбір қазақ Қазақстан азаматтығын аламын деген сеніммен келгені жұрыс.

Естеріңізде болсын, «Қандас» мәртебесімен Қазақстан азаматтығын алу – жеңілдетілген тәртіп. Бұл орай өзге ұлт өкілдеріне берілмейді!

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Елімізде «шөп қорыған иттің» кебін киген «латифундистер» көбейіп кетті. Пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін қайтарып алатын кез келді. Жер – біздің ортақ байлығымыз және оны кім игерсе, соған тиесілі болуы тиіс. Үкімет пен Парламент осы түйткілді реттеудің тиімді жолдарын ұсынуы керек. Бұл – өте маңызды мәселе. Мұны шешпей, отандық агроөнеркәсіп кешенінің сапалы дамуы мүмкін емес», - деген болатын.

Қасым-Жомарт Кемелұлының сол тапсырмасы, міне, енді жүзеге асқалы жатыр.

Мен кесіп айтайын, қандастарымыз ешқашан жерсіз қалмайды!

Қандастарымыз Қазақстан азаматтығын алған соң, «Жер – біздің ортақ байлығымыз және оны кім игерсе, соған тиесілі болуы тиіс», деген қағида аясында жер иесі атанатын болады.

Сондықтан, бұл мәселені басқа бағытқа бұрмалап, жұртты шатастыруға болмайды!

Ауыт Мұқибек

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5381