ҚХА келесі жиыны «Бірліктің 30 жылы» тақырыбына арналмақ
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті, жиырма тоғызыншы сессиясын шақыру туралы Жарлық шығарды. Жарлық Ақорданың ресми сайтында жарияланды.
Онда: «Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырма тоғызыншы сессиясы 2021 жылғы 28 сәуір күні Нұр-Сұлтан қаласында Назарбаев орталығында «Бірліктің, татулық пен келісімнің 30 жылы» күн тәртібімен шақырылсын», - деп жазылған.
Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясын ұйымдастыру мен өткізу жұмыстары ҚР Үкіметіне жүктелген.
Ақпарат үшін айта кетейік, 2014 жылдың маусымында ҚР Президентінің арнайы Жарлығымен «Қоғамдық келісім» Республикалық мемлекеттік мекемесі құрылған. Оның әуелгі мақсаты да осы ҚХА қызметін үйлестіру, Қазақстан қоғамындағы бірлік пен татулықты, қоғамдық келісімді һәм Ассамблея жұмысын қамтамасыз ету болған.
Қазіргі уақта Қазақстан бойынша «Достық» үйлері базасында жұмыс жасайтын бұл мекемелер қлттық бірліктің қазақстандық үлгісін қалыптастыруда біршама жүмыстар атқаруда.
Ал Қазақстан халқы Асамблеясы Қазақстандағы ұлттар бірлігінің мызғымас моделін қалыптастырушы бірден-бір маңызды ұйым. Ол Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың аранйы Жарлығымен құрылып, 1995 жылдан бері консультативті-кеңесші орган қатарлы жұмыс асап келеді.
Аталған ұйымның мақсаты – Қазақстандағы этносаралық келісімді нығайту, ел халқының мәдени-рухани ортақтығын қалыптастыру негізінде ұлтаралық бәсекеге қабілеттілік пен бәркелкілікке ұйытқы болу.
Қазіргі таңда Қазақстаның негізгі заң шығарушы органы саналатын Парламентте (Мәжілісте) 9 депутаттық мандатқа ие бұл ұйымның Қазақстан қоғамында атқаратын рөлі ерекше.
Биылғы жылғы Парламенттік сайлауда дауыс беру арқылы ҚХА-дан 9 депутат Мәжіліске өтті. Дауыс беруге ҚХА-ның 351 мүшесі қатысқан. Мәжіліске өткен депутаттар ҚХА-ның түрлі этностық бірлестіктерінен сайланған.
Алғаш ҚР Парламентіне Ассамблея атынан 9 мандат беру бастамасы 2007 жылы енгізілді. Себебі, сол уақытта Қазақстан Республикасы Конституциясына бірнеше өзгерістер жасалған болатын. Міне, осы уақыттан бері Ассамблеяның қоғамдағы беделі мен саяси маңызы артты.
Бүгінде Қазақстандағы барша этнос өкілдерінің өз тілдері мен мәдениетін дамыту үшін барлық жағдай жасалып отыр. Оған дәлел, аталған этнос өкілдерінің орталықтары мен еліміздегі корей, ұйғыр, неміс театрлары. Демек, Ассамблея еліміздегі этносаралық мәселелердің оң шешім табуына ықпал ететін бірден-бір ұйым. Ол 29 жыл ішінде зияткерлік һәм халықтық дипломатия институтына бейімделе алды.
Abai.kz