Дүйсенбі, 25 Қараша 2024
Әне, көрдің бе? 4668 4 пікір 29 Наурыз, 2021 сағат 15:31

Есімов қызметінен босатылды

Самұрық Қазына ұлттық әл-ауқат қорының төрағасы, зейнет жасындағы саясаткер Ахметжан Есімов қызметінен кетті. Бүгін ҚР Үкімет басшысы Асқар Мамин Ахметжан есімовті қызметінен босатып, оның орнына су жаңа төраға – Алмасадам Сатқалиевті таныстырған.

Үкімет баспасөзі таратқан мәліметке сүйенсек, Премьер-министр Асқар Мамин Қазақстанның экономикалық-әлеуметтік дамуына қосқан үлесі үшін және осы уақытқа дейін атқарған әртүрлі мемлекеттік қызметтері үшін Есімовке алғыс айтқан.

Осыған дейін желіде Самұрық-Қазына ұлттық әл-ауқат қорының төрағасы Ахметжан Есімов наурыздың 29-ы күні қызметінен босатылып, зейнетке шығады деген ақпарат шыққан. Бұл туралы «ҚазТАГ» басылымы хабарлаған.

Ахметжан Есімов 15 желтоқсан күні 70 жасқа толған еді. Қазақстандағы зейнетке шығу жасы ерлер үшін 63 екеніне қарамастан, Есімов жеті жыл артық қызмет етіп, зейнетке кетуі мүмкін. Бұған дейін Ахметжан Есімовтың «уақытша еңбекке жарамсыздығына байланысты қызметінен босатылғаны» туралы қаулының көшірмесі желіге жарияланған болатын.

«29 наурызда Есімовті зейнетке шығарып салу шарасы өтеді. Оған мемлекет басшылығы алғыс айтады. Есімов демалысқа кетуді бұрынан сұрап жүрген. Бірақ басшылық коронавирус мәселесін шешу кезінде жұмыс істей тұруын сұраған. Осы жиын барысында қордың жаңа төрағасы таныстырылады», – деген дереккөз сөзін жариялады басылым.

Саяси аренада салмағы басым, тәжірибесі мол Ахметжан Есімов бұған дейін бірнеше ірі қызметте болды. Ол Алматы қаласының әкімі қызметін атқарған еді. Алайда қаланың мәселесін шешуге қарағанда, ел арасында Ахметжан Есімовтің Тәуелсіздік күнін тиісті дәрежеде ескермегені қалды. «Неге алаңға келіп, гүл шоқтарын қоймайсыз» деген сұраққа, «15 желтоқсан туған күнім еді, соған байланысты қалада болмаймын», деп жауап қатқан. Бұл жауап ел арасында наразылық тудырып, әкімді айыптаушылар көп болды.

Артынша «Астана ЭКСПО-2017 ҰК» АҚ басқарма төрағасы қызметін иемденді. Қаржысы бірнеше млрд долларды құраған бұл жобаның сәтті және сәтсіз тұстарын да Есімов есімімен байланыстыратындар көп.

Ахметжан Есімов Самұрық-Қазына ұлттық әл-ауқат қорының төрағасы болып 2017 жылы тағайындалып, осы уақытқа дейін қызмет атқарып келеді.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1515
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3285
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5844