Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2622 0 пікір 9 Сәуір, 2012 сағат 12:24

Белгілі меценат Ізбасар Бозаев дүние салды

Алматы сауда палатасының президенті, «Ұлы дала» қоғамдық бірлестігі құрылтайшыларының бірі, белгілі меценат Ізбасар Бозаев жұмадан сенбіге қараған түні жол көлік апаты салдарынан мезгілсіз дүние салды.

Ізбасар Бозаев ел экономикасының тұрақты дамуына және елдегі кәсіпкерлер ісінің кедергісіз алға басуына жан аямай еңбек етті. Ол басқарған Алматы сауда палатасы Қазақстан экономикасының өркендеуіне әркез қызмет етті.
Ізбасар Бозаев ұлттық бағыттағы жобаларды, өнер мен мәдениетті, әдебиетті үнемі қолдап, ұлт ісінің алға басуына тер төккен меценаттардың бірегейі болды.

Сонымен бірге, Ізбасар Бозаев қоғамдық-саяси істерге де ел мүддесі тұрғысынан араласа отырып, ұлт жоқшысына айналған «Ұлы дала» қоғамдық бірлестігінің құрылуына атсалысты.

Алматы сауда палатасының президенті, «Ұлы дала» қоғамдық бірлестігі құрылтайшыларының бірі, белгілі меценат Ізбасар Бозаевтың дүние салуына байланысты туған-туыстары мен отбасына көңіл айтамыз.

«Abai.kz» тобы

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1469
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5404