Сенбі, 19 Сәуір 2025
5012 1 пікір 2 Сәуір, 2021 сағат 11:46

Үш университеттің аккредитациясы кері қайтарылды

Қазақстандық аккредитациялық агенттік Орталық Азия университеті, Ақтау гуманитарлы-техникалық университеті және "Астана" университетінің аккредитация куәлігін кері қайтарып алды. Заңға сәйкес лицензиясы мен аккредитациясы жоқ университеттер диплом бере алмайды. 

Білім және ғылыми министрлігінің ақпаратынша, аккредитациялық орталық өзінің шешімі жайлы Ақтау гуманитарлы-техникалық университеті мен "Астана" университетін ескерткен.

"Біздің ұйымымыз оқу орындарын аккредитациялаумен айналысады, яғни біз оқу орындарының оқыту бағдарламасының талапқа сайлығын тексереміз. Аталмыш оқу орындары біздің постаккредитациялық мониторинг жүргізуімізге қарсы болып, ғимараттарына кіргізбеді. Сондықтан да біз акрредитациялық куәлікті кері қайтару туралы шешім шығардық" , – деді "Қазақстандық тәуелсіз аккредитациялау орталығының" директоры Бегалы Қалмұратов.

Бұл оқу орындары Білім және ғылым министрлігі тарапынан да жүргізілетін жоспарлы тексеруге қарсылық білдірген еді. Оқу орындарына қатысты сот ісі жалғасып келеді.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2033
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4889
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4086