Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2162 0 пікір 11 Сәуір, 2012 сағат 09:44

Қазақты қашанғы қорлай береді?!

Кеше «Хабар» арнасының соңғы жаңалықтарынан «Ынтымағы жарасқан елдің ырысы мол» деген тақырыптағы сюжет көрсетті. Онда әлдебір диаспора өкілі өздерінің мәдени орталықтары атынан Қазақстандағы айрандай ұйыған ұлтаралық татулықтың арқасында мәре-сәре, мәз-мейрам болып, шат-шадыман өмір кешіп жатқандарын ресми тілде ерекше ықыласпен айтты. Оның сөзін мемлекеттік тілге аударып, арнаның бір журналисі қазақтардың миына құйып жатты.

Ал, біздің редакцияға Қызылжардан хат келді. Ғалия есімді оқырманымыз «Общественный портал Петропавловска» (opp.kz) деген сайтта Солтүстік Қазақстанды мекендеп жатқан орыс диаспорасының кейбір өкілдері қазақты қорлайтын неше түрлі күлдіргілер ойлап тауып, жандары қалмай жариялап, рахаттанып жатқанын айтып үшбу хат жазып жіберіпті. Оқырманымыз «ұлтаралық татулыққа мас болған» орыс диаспорасының әсіреұлтшылдары тарапынан қасақана ұйымдастырылып отырған мұндай мазақ пен қорлыққа төзе алмайтынын, сол себептен де осы мәселені порталдың көтеруін өтініпті. Міне, өтінішті орындап отырмыз.

Ал, оқырманымыз хатта жазған күлдіргінің бірі мынау:

-Қазақтардың аяғы неге қисық?

-Енді... 300 жыл бойы орыстардың мойнында отырмыз ғой

-Ал, неге олар қысық көз?

-Аздап болса да ұялатын шығар...

Хат мұнымен бітпейді. Жоғарыдағы сайтта зейнет жасына келуіне байланысты қызметінен босатылған «Қызылжар оранжереясының» директоры Рязаповты қызғыштай қорыған топ Қызылжар қаласының әкімі Болат Жұмабеков, әкімнің орынбасары Артур Молдағұлов, қалалық білім басқармасының бастығы Ақжүніс Мұсырмандардың атына шовинисттік пиғылдағы адамның ар-намысына тиетін, қорлайтын пікірлерді төпелетіпті.

Дәл осы заңға сәйкес зейнетке шығуына орай, қызметінен босатылған Рязповтың халін ойлап, қабырғасы қайысқан «КТК» арнасы (басшысы Арман Шораев) ресми тілдегі жаңалықтарында арнайы сюжет көрсетіп, «Қызылжар оранжереясы» қызметкерлерінің басшыларының қызметтен кеткеніне бола көз жастары көл болып, еңірегенде етектері жасқа толып отырғандарын жалпақ жұртқа жария етті. (Сталин өлгенде өкіріп жылағандар болыпты деп естуші едік. Бірақ, бастығының қызметінен кеткеніне бола көзі бұлаудай болып жылаған жұмысшыларды бірінші рет көруіміз)«КТК» ұлтаралық татулықты паш еткісі келді ме, әлде басқа бір мақсаттары болды ма оны біле ме алмадық.

Оқырманымыздың жазуына қарағанда, қазақтың (Қазақ - Қазақстандағы негізгі және мемлекет құрушы ұлт болып табылады. Сондықтанда қазақ тіліне - мемлекеттік тіл мәртесеі берілген) басына кәк етіп отырған сайттың редакторы Кирилл Рыхликов екен. Кірме Кирилл мұндай дүниелерді бір өзі емес, досы, облыстық телеарнаның директоры Евгений Сазановпен бірлесіп ұйымдастырып отырғанын оқырманымыз ашына жазыпты.

Қазақты және оның мемлекеттік рәміздерін, тілін, ұлттық құндылықтарын орыс диаспорасы бұған дейін де талай қорлаған. Көкшетауда мемлекеттің қаражатына шығатын орыс газеттерінің бірі сөзжұмбақта «Бомждың баспанасы» деген сауалдың жауабын «Қазақтың киіз үйі» деп бергені бар. Газеттің редакторы өп-өтірік мүләйімсіп, жаздым-жаңылдым, кешіріңіздер деп жеңіл құтылған. Одан кейін Керекулік орыс мұғалім мемлекеттік әнұранын Камасутраға теңеген. Ол да ақыры жазасыз қалды. Қазақстандағы орыстарға арналған сайттың бетінде қазақты қор етіп көрсеткен талай дүние шықты. Мемлекеттік билік те, депутаттар да, ұлттық қоғамдық ұйымдар да, қоғамдық тұлғалар да, зиялылар да кейбіреуі болмаса баспасөзде түк болмағандай тіршіліктерін жалғастырып жатыр. Ал, ұлтаралық татулық десе, бәрі ұлардай шулап қоя береді.

Ата заңмен қорғалған Елтаңбасын, Туын, Мемлекеттік тілін, Мемлекет құрушы ұлтын қорғауға қауқары жетпейтін биліктің...

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1475
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5458