Сенбі, 23 Қараша 2024
1441 0 пікір 25 Наурыз, 2021 сағат 18:13

Әскерилерді баспанамен қамтамасыз ету қалай жүріп жатыр?

Қазақстанның Қорғаныс министрлігі әскери зейнеткерлерді тұрғын-үй һәм баспанамен қамтамасыз ету жүмыстарын жалғастырып жатыр. Бұл туралы «Abai.kz» ақпараттық порталы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Әскери еңбек өтілі 10 жылдан 20 жылға дейінгі 300-ден аса әскери қызметкер енді Қазақстанның кез келген өңірінде өзіне берілген жылжымайтын мүліктің толық меншік иесі бола отырып, қызметтік баспаналарын айырбастай алатын болады.

ҚР Қорғаныс министрлігінің мәліметіне сүйенсек, қолданыста бар заңнамаға сәйкес, әскердегі қызметтік өтілі күнтізбелік есеппен ең азында жиырма жылды құрайтын, әскери қызметте жүріп зейнетке шыққан әскери қызметшілер өздеріне берілген тұрғын үйлерді жекешелендіруге немесе қаржылай өтемақы алуға құқылы.

Сонымен қатар, жоғарыда көрсетілген мерзімнен аз қызмет еткен әскери қызметшілер де бар. Заңнамаға сәйкес, олардың қызметтік тұрғын үйлерді жекешелендіруге немес қаржылай өтемақы алуға құқы жоқ. Сондай-ақ, тұрғын үйлерді өтеусіз негізде ала алмайды.

Заң бойынша әскери қалашықтың аумағындағы қызметтік пәтерлер жекешелендіруге жатпайды. Тұрғын үй заңнамасына кейін енгізілген түзетулер бойынша, әскери зейнеткерлер өздеріне тиесілі қызметтік тұрғын үйлерді мемлекеттік тұрғын үй қорынан басқа тұрғын үйге айырбастау арқылы ғана ала алады.

Әскерилерді пәтермен қамтамасыз етуге жауапты басқарма басшысы, аға офицер, әділет майоры Дәуренбек Жұмабектің айтуынша, қазіргі таңда Алматы, Нұр-Сұлтан және басқа да қалалардағы 236 пәтер бар. Олар ҚР Қорғаныс министрлігінің баллансына кіреді.

«Бұл заң қызметтік өтілі жеткіліксіз бұрынғы әскери қызметшілерге өздеріне тиесілі тұрғын үйді ауыстыру құқығын пайдалануға мүмкіндік береді. Яғни, енді олар пәтерді қалдық құны бойынша сатып ала алады. Бастапқы салымы ретінде 30%-ы төленеді. Ал қалған соманы он жылға пайызсыз бөліп төлеу қарастырылған», - дейді Дәуренбек Жұмабек.

Қазірдің өзінде Нұр-Сұлтан қаласында қалдық құны 3 млн-нан 7 млн-ға дейінгі 34 пәтер айырбасқа ұсынылған.

«Мысалы, жалпы аумағы 31,5 шаршы метрді құрайтын, бағасы 3 млн 300 мың теңгелік бір бөлмелі пәтерді сатып алу үшін алғашқы жарна сомасы 990 мың теңге. Ал қалған 2 млн 310 мың теңгені 10 жылға бөліп төлеуге болады. Сондағы ай сайынғы төлем сомасы 19 250 теңге болады», - дейді ведомство.

Қазіргі таңда дәл осы механизм арқылы тұрғын үй алу үшін жүзгене әскери өтініш білдірген екен.

Бұл жерде Семей полигонынан зардап шеккен азаматтар осы механизм арқылы пәтерлерін ақысын ауыстырып, меншік иесі атана алады.

Айта кетейік, ведомствоның тұрғын үй қоры туралы толық ақпарат Қорғаныс министрлігінің ресми сайтында, «Тұрғын үймен қамтамасыз ету» бөлімінде орналастырылған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5354