Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2542 0 пікір 12 Сәуір, 2012 сағат 06:07

Орындық сатамыз!

(Әзіл әңгіме)

Қазiр сатылмайтын нәрсе жоқ. Айтыңызшы, не сатылмайды? Тапсаңыз менiң көзiмдi қасықпен ойып, өзiмдi жiлiктеп сойып, етiмдi жеп тойып, дәретханаға барсаңыз да болады. Бiрақ оның өзi сатулы.
* * *
-Бауырым, мына орындықтың бағасы қанша?- дедi дүкенге келген тұтынушы көкiркегiн көтерiп.
-Бес түйе түгiмен, жиырма жылқы жалымен, екi тауық жұмыртқасымен, бiр көйлек мата тоғызымен,- дедi галстукқа қылқынған, шалбарының ауы жыртылған саудагер.
-Ойбай-ау, мына орындыққа жетi атамның құнын берсем де, жұмыртқаның жүнiн берсем де ала алмаймын ғой, - деді тұтынушы тұтығып.
-Сiз не айтып тұрсыз, бұл аудан әкiмiнiң орны?!
-Мәссаған, мына орындықты сатып алсам, осы түріммен әкiм болам ба сонда?!
-Иә, түк те емес, онымен қоса бес жылдық кепілдігі және бар. Ақшаңыз көп болса, мерзімін создыра да аласыз.
-Сонда әлгi түйе ме, жылқы ма... Соны саған төлеймiн бе?
-Жоқ, обылыс әкiмiне төлеп, маған квитанциямен келесiз, бітті шаруа.
-Менiң төрт-ақ кластық бiлiмiм бар, әкiм болғанда не тындырам, бекерге қарабет болып...
-Несi бар екен, жаңа ғана өмiрiнде әліп танымаған, мектептің көлеңкесін көрмеген бiр кiсi келдi де, обылыс әкiмiнiң орнын сатып алды да кеттi.
-Оны қойшы, бүгiн баламның туған күнi, балама не бар?
-Балаңыз нешiншi сыныпта оқиды?
-11-сыныпта.

-Олай болса бiздiң дүкенде мектеп бiтiрушi түлектерге  арналған мемлекеттiк грант та сатылады. Бағасы тегін, бар болғаны жыл сайын үш жүз мың теңге төлеп отырсаңыз болды, қиналатын түгі де жоқ.
-Тағы не сатылады?.
-Имамның орны бар, бiрақ мемлекеттiк жалақысы болмағандықтан сұраныс аз, бағасы да арзан, бар болғаны үш кiлем, бiр палас.
-Мәслихат депутатының орны да бар шығар?
-Бар, бiрақ оның бағасын бiлмеймiн, жұрттың бәрi "Нұр Отан"партиясының беделдi өкiлдерiнiң бұтының астынан өтiп, оңай алып кетiп жатыр.
-Тағы не сатылады?
-Бiздiң саяси дүкенде мектеп директорынан бастап, премьер-министрдiң орынтағына дейiн сатылады. Одан қала берсе, қабiр бар, бiрақ оның төлемiн, бала-шағаңыздың есебiнен аламыз.

Айтпақшы, сізге де жайлы орындық керек шығар? Ендеше хабарласыңыз.
* * *
Бiздiң мекен жайымыз:
Қалың беттер қаласы, Әдiлетсiздiк көшесі, "Билеп, Төсте" саяси сауда орталығы.

satira99@ovi.com

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475