Сенбі, 23 Қараша 2024
Талқы 5793 8 пікір 5 Сәуір, 2021 сағат 16:05

Ақордадағы жаңа лауазым. Арнайы өкіл не істейді?

Қазақстанның Президент әкімшілігінде жаңа қызмет пайда болды. Ол – ҚР Президентінің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі.

Президент  Тоқаев «Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі туралы» Жарлыққа қол қойды.

Сонымен, Ақордадағы жаңа лауазым иесіне қандай міндеттер жүктеледі? ҚР Президентінің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі туралы ережеде былай деп жазылған екен:

1. ҚР Президентiнiң халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі (бұдан әрі – Арнаулы өкіл) мемлекеттік саяси қызметшi болып табылады.

2. Арнаулы өкілді ҚР Президентiнің әкiмшiлiгi басшысының ұсынуымен ҚР Президентi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

3. Арнаулы өкіл ҚР Президентiне есеп бередi.

Арнаулы өкілдің міндеттері:

1) саяси, экономикалық, гуманитарлық және экологиялық салаларда халықаралық байланыстарды жолға қою,

2) ҚР сыртқы саясатының негізгі бағыттарын және ҚР Президентiнің бастамаларын ілгерілетуді қамтамасыз ету,

3) Арнаулы өкіл өз қызметін жүзеге асыру кезінде ҚР Үкіметімен және басқа да мемлекеттік органдармен және ұйымдармен ҚР сыртқы саясаты мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасайды,

4) ҚР Президентiне сыртқы саясат пен халықаралық ынтымақтастықты дамыту, ҚР Президентiнiң халықаралық бастамаларын iске асыру жөнінде ұсыныстар енгізеді,

5) Өзінің құзыреті шегінде шет елдердің саяси және қоғам қайраткерлерімен, іскер топтарының және халықаралық ұйымдардың өкілдерімен келіссөздерді ұйымдастырады және өткізеді, сауда-экономикалық, инвестициялық, технологиялық және басқа да салаларда басым жобаларды ілгерілетуге қатысады,

6) ҚР сыртқы саясаты тұжырымдамасының жобасын дайындауға және оны кейіннен іске асыруға қатысады,

7) ҚР сыртқы саясаты бөлігінде Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауының жобасын дайындауға қатысады,

8) Әлемдік даму процестерін, сондай-ақ халықаралық қатынастардың өзекті проблемаларын мониторингтеуді, талдауды және болжауды жүзеге асырады және ҚР Президентiне оның сыртқы саяси өкілеттіктерін іске асыру жөнінде ұсынымдар тұжырымдайды,

9) Президент әкiмшiлiгiнің басшысы орынбасарының үйлестіруімен ҚР Президентiнiң шет елдердің мемлекеттік органдарымен және олардың лауазымды адамдарымен, шетелдік саяси және қоғам қайраткерлерімен, халықаралық және шетелдік ұйымдармен өзара іс-қимылын қамтамасыз етуге жәрдемдеседі,

7) ҚР Президентiнiң шет елдік сапарларының және шет мемлекеттер басшыларының ҚР сапарларының, халықаралық ұйымдардың, қаржы институттары мен компаниялардың басшыларымен кездесулердің мазмұндық бөлігін дайындауға жәрдемдеседі,

8) Шетелдік инвестицияларды, озық тәжірибе мен технологияларды тартуға, отандық өнімдердің әлемдік нарықтарға экспортын ілгерілетуге жәрдемдеседі,

9) ҚР сыртқы саясатының негізгі бағыттарын және ҚР Президентiнің бастамаларын ілгерілету мақсатында халықаралық сарапшылардың пулын қалыптастырды және онымен өзара іс-қимыл жасайды,

10) ҚР Президентiнің саяси және әлеуметтік-экономикалық салалардағы реформаларын шет елдерде танымал етеді және түсіндіреді, қажет болған жағдайда ҚР Президенті жанындағы кеңесші және консультативтік органдардың жұмысына қатысады,

11) ҚР Президентінің шешімі бойынша сыртқы саясат пен халықаралық ынтымақтастықтың әртүрлі өзекті бағыттары бойынша арнаулы миссияларды жүзеге асырады,

12) Президент әкiмшiлiгiнің басшысы орынбасарының үйлестіруімен ҚР Президентiнің заң шығару бастамасы тәртібімен ҚР Парламентіне енгізу үшін сыртқы саясат саласындағы заң жобаларын дайындауға қатысады,

13) Қазақстан Президентiнің тапсырмаларын орындайды.

Арнаулы өкілдің қызметін қамтамасыз ету мен қаржыландыруды Қазақстан Республикасы Президентінің әкімшілігі жүзеге асырады.

Толығырақ: Ақорда сайты.

Сонымен, Қазақстанның Сыртқы саясаттағы арнаулы өкілі – Қазақстанынң Халықаралық аренадағы экономикалық һәм саяси мүддесі бойынша әріптестікты арттырумен айналысатын болады.

Бүгін ғана құрылған жаңа лауазымға – Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі Ержан Қазыханов тағайындалыпты. Ақорда сайтында президент Тоқаевтың Жарлығы жарияланды.

Онда: «Ержан Хозеұлы Қазыханов Қазақстан Республикасы Президентінің Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі лауазымына тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылсын», - деп жазылған.

Ержан Қазыханов бұған дейін Қазақстанның АҚШ-тағы елшілігін басқарып келген. Ол Қазақстанның БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі болған. Бірнеше мемлекетте Төтенше және Өкілетіт елші қызметтерін атқарды. Қазақстанның Сыртқы істер министрлігін де басқарды.

Білімі:

Ленинград Мемлекеттік университетінің Шығыстану факультетін, КСРО Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын, Үндістан Халықаралық қатынастар институтын тәмамдаған. I-ші дәрежелі Төтенше және Өкілетті елшісі деген дәрежесі тағы бар. Қазақ, орыс, ағылшын және араб тілдерін меңгерген.

Бүгін президент Тоқаев Ержан Қазыхановтың орнына Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі қызметіне Ержан Ашықбаевты тағайындады.

Түйін. Бізде Сыртқы істер министрлігі бар. Одан бөлек, бірнеше елде елшілеріміз де бар. Олар Қазақстанның экономикалық, саяси мүддесін қорғап, алға жылжытуда. Сонда арнайы өкіл не үшін керек болды екен?

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5351