Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі тағайындалды
ҚР Президентінің Жарлығымен АҚШ-тың Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына Ержан Ашықбаев тағайындалды. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Ержан Нигматоллаұлы Ашықбаев Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды»,- делінген хабарламада.
Қазақстанның АҚШ-тағы бұрынғы елшісі Ержан Қазыханов Президенттің Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі лауазымына тағайындалған болатын.
Бұған дейін Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі туралы» Жарлыққа қол қойған еді.
Abai.kz