Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2412 0 пікір 12 Сәуір, 2012 сағат 06:47

Әлихан Бәйменовке ашық сауал

ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ

Ә.М.БӘЙМЕНОВ МЫРЗАҒА

АШЫҚ САУАЛ

Құрметті Әлихан Мұхамедиұлы!

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі лауазыммен Сіздің ұлт үшін айтарлықтай қызмет ете алатыныңызға сенімдіміз. Сол үшін де, мемлекеттік мәртебе алғанмен, ауыр ахуалды бастан кешіп отырған ана тіліміздің мемлекеттік қызмет тіліне айналу мәселесін қамтыйтын біршама сауалды Сізге ашық күйде қойғанды жөн көрдік. Сіздің бұл сауалдарға беретін жауабыңыз көкейдегі әрі қоғамдағы қордаланған тіл мәселесінің шешімін табуға септік етер деген ойдамыз. Сонымен сауалдар:

1. Агенттік тарапынан қазақ тілінің мемлекеттің нағыз жұмыс тілі болатынын қамтыйтын әлдебір заңдамалық құжат бар ма? Қолда бар нормативтік-заңдамалық база қазақ тілін мемлекеттік қызметке алаңсыз қолдануға жеткілікті ме?Жетпесе, Сіздің тарапыңыздан қандай бастама күтуге болады?

2. Қазіргі кезде мемлекеттік қызметке алынатын азаматтарға тілдік жағынан қандай да бір талап қойыла ма? Елбасының үш тілді білу саясаты қандай жолдармен іске асырылып жатыр? Нәтижесі қандай?

3. Мемлекеттік қызметкерлердің қазақ,орыс,ағылшын тілдері бойынша тілді меңгеру деңгейі ескеріле ме? Ол қандай жолмен тексеріледі?

4. Елдегі мемлекеттік қызметшілердің (заңдамада - «қызметкер» емес, «қызметші») қазақ тілін мемлекеттік қызметте қолдануға қаншасы әзір? Бұл жөнінде нақты санайғақ бар ма?

5. Елдегі қазақ тілін білу деңгейін тексеретін бірден бір сайман саналатын ҚазТЕСТ жүйесі мемлекеттік қызметшілердің тілдік деңгейін тексеруге пайдаланыла ма? Қолданылмаса неге?

6. Мемлекеттік қызмет саласындағы мемлекеттік тілді білуге жұмсалып жатқан жыл сайынғы қыруар қаржы мен оқыту-үйрету ресурстарының тиімділігін тексеруге Агенттік қатысып жүр ме?

7. Агенттік мемлекеттік қызметшілердің тілді білу үдерісін бақылап, оны сүйемелдеп отыра ма?

8. Қазақстаннан басқа, мемлекеттік тілді меңгермеген азаматтарды мемлекеттік қызметке тартатын елді атасаңыз.

9. Біздің шамалауымызша, мемлекеттік қызметте орыс тілінің белгілі бір деңгейін меңгермеген мемлекеттік қызметші жоқ, керісінше, шетелден келген қазақтілді бауырлар мемлекеттік қызметке кіре алмай жүр.Елде екітілді лингвистикалық ауан қалыптастыру үшін,Н.Назарбаевтың үштілді білу талабын орындауға беттеу үшін, заңнамалық талапты былай қойғанда, мемлекеттік қызметшілерден енді қазақ тілін меңгеру талабын саяси жағынан талап етуге не кедергі?

10. Мемлекеттік қызмет саласында қазақ тілінің пайдасына ахуалдың шұғыл өзгеруі қашан болмақ? Елдегі берекесіз тілдік саясатқа Мемлекеттік қызмет саласы өзінің қандай ықпалдарын жасамақ?

Құрметпен - «ЕЛ» алқасы, 2012 жыл,11.04.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5508