Қазақстанда вирустан қанша дәрігер көз жұмды?
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлы-эпидемиологиялық бақылау комитеті 2020 жылы коронавирус пен коронавирустық демікпеден қанша дәрігер көз жұмғанын айтты.
«2021 жылдың 31 мамырына дейін Қазақстанда коронавирустан 121, ал коронавирустық демікпеден 106 медицина қызметкері көз жұмды», - деді комитет өкілдері.
Бұған дейін вирустан көз жұмған дәрігерлердің құрметіне елімізде бірнеше графикалық суреттер салынып, ән жолдары шыққан еді.
Abai.kz