Дүйсенбі, 20 Мамыр 2024
46 - сөз 7172 5 пікір 6 Сәуір, 2021 сағат 14:01

Әйелдердің орыстанғаны жүз есе қауіпті

Қазақ еркектеріне қарағанда әйелдер мен қыз-келіншектерінің орыстанғаны ұлтқа 100 есе қауіпті. Бала анасы қай тілде сөйлесе, сол тілді тез игеріп шығады. Одан кейін орыстанған әйелдер еркектерге қарағанда әлдеқайда көкбет, тілің де, басқаң да өзіңе, өз өмірім, өзім білеммен бет бақтырмай бетіңнен алады. Талай көрдім.

Бала қашанда былдырап анасы қай тілде сөйлесе, ол да сол тілде сөйлейді. Баланың ешқандай да кінәсі жоқ. Ол тілім осы екен дейді. Ділі солай қалыптасады. Қазіргі орыстілді балалар мен бүлдіршіндер тілім қазақ тілі деп ертең есейсе де мүлдем мойындамайды. Себебі, олар орыс тілімен өсті, орыс тілімен нан жеді. Бітті.

Тіл мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігінің кепілі. Тілің қаншалықты құрдымға кетсе, бала-шағаң, қатын-қалашың, соларға тіл жағынан бас көз болмаған ез еркектерің көбейсе, мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігі де соншалықты әлсірейді әрі жұтылып кете бересің. Қазіргі жағдай - тіл, тіл және тіл! Немқұрайлы қарасақ өз обалымыз өзімізге. Тілдің тағдыры ұлт үшін жердің тағдырымен бірдей. Ұлтқа жер қандай керек болса, тіл де сондай керек. Бұл екі АНА - екі қанатың. Бірі ақсаса, екіншісі сені көкке көтере алмайды.

Ресейдің де тіліңді ақсатып саясат жүргізіп отырғаны содан. Қырымды аннекциялап өзіне қосып аларда сол Қырымның 90 пайыздан астам халқы орыс тілін қолдап, Путиннің ығына жығылғанын ұмытпаңыздар! Сол жығылған халықтың 70 пайызынан астамы орыстілді украиндар болған.

Бекболат Қаржан

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2165
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2567
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2438
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1668