Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3106 0 пікір 7 Сәуір, 2021 сағат 13:57

Ерекше тауарларды кедендік бақылау заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз етіледі

Бүгін Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен жалпы отырыста «Ерекше тауарларды бақылау туралы» заң жобасы I оқылымда мақұлданды.

Заң жобасында ерекше тауарларды бақылаудың мақсаттары, қағидаттары мен әдістері белгіленген.

Құжаттың мақсаты – ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жаппай қырып-жою қаруын таратпау және қару-жарақтың заңсыз саудасына жол бермеу жөніндегі халықаралық міндеттемелерді сақтау.

Отырыс барысында депутаттар тауарлар мен қызметтерді заңсыз импорттауға байланысты жауапкершілік енгізуді ұсынды.

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин депутаттарды қолдай отырып:

- Меніңше, депутаттардың жұмыс топтарында енгізген түзетулері маңызды және өзекті. Егер аталған мәселе бойынша Үкіметтің нұсқасын басшылыққа алатын болсақ, онда біздің шекарамыз арқылы кез-келген тасымал технологияларға, ғылыми-техникалық құжаттамаларға бағдарламалық қамтамасыз етуге тыйым салынған. Алайда, Қылмыстық Кодекстің 275-бабына сәйкес, тек қана заңсыз экспортқа жаза қолданылады. Сондықтан, депутаттар тек заңсыз экспортқа ғана емес, сонымен қатар ерекше тауарлардың заңсыз импорты үшін де жаза белгілеу туралы оңтайлы ұсыныс енгізді деп есептеймін, - деді Нұрлан Нығматулин.

Айта кету керек, заң жобасы ерекше тауарлардың экспортын, кері экспортын, импортын, транзитін, эксаумақтық кері экспортын, эксаумақтық делдалдық қызметтер көрсетуді немесе техникалық көмекті жүзеге асыру кезіндегі қатынастарды реттеуге бағытталған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1582
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2282
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3618