Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3734 0 пікір 13 Сәуір, 2012 сағат 04:57

Алмахан Мұхаметқалиқызы. «Абай жолы» романындағы науырыз нақыштары

Ұлыстың ұлы күні ретінде тойланатын наурыз мерекесінің салт-дәстүрі "Абай жолы" романының тарихи оқиғалары арасында суреттеліп отырады. Мысалы: "Бел-белесте" тарауындағы "...көл-көсір қонағасы, ұзақ жиын, жағалай сатылып жатқан ақсарбас, көкқасқалар құр ғана келіс қуанышы емес. Бұның ішінде, шеп жию, батамен табысу, ыдырағанды қайта құру, құрсауын бүтіндеу- қысқасы  мерейін тағы аспандатып асыру бар.

Осындай сыртқа айбын, ішке медеу болған тойлар жарты айдай айықпады. Бұл кезде ел-елдің бәрі де қыстауларынан көшіп, көктеуге ойға қарай жөңкілген" дейді.

Елден гөрі өз басын, ұлттан гөрі ағайынын көбірек малданатын пысықтардың "партияшыл" "рушыл" заманы жоғарыдағы суреттің астарында сезіледі. Ұлы жазушы М.Әуезовтың бұл туындысы заманына қарай бірде заманның ұлы, бірде құлы болған тұста жазылған. Соның салдары, ықпалының әсерінен ұлттық дәстүр жәй ғана өмір ағыны есебінде ғана романның әр жерінде бой көрсетіп отырады.

" Жазғытұры ауыл қолдан түлеткендей бір түрлі бір жас йіске, жас өмірге толы " деп М.Әуезов амалсыз табиғат суретіне дәуірдің идеологиялық  жүгін арқалатады. Ал, шындығында Ұлыстың ұлы күнінің нағыз суреті осы емес    пе?

Ұлыстың ұлы күні ретінде тойланатын наурыз мерекесінің салт-дәстүрі "Абай жолы" романының тарихи оқиғалары арасында суреттеліп отырады. Мысалы: "Бел-белесте" тарауындағы "...көл-көсір қонағасы, ұзақ жиын, жағалай сатылып жатқан ақсарбас, көкқасқалар құр ғана келіс қуанышы емес. Бұның ішінде, шеп жию, батамен табысу, ыдырағанды қайта құру, құрсауын бүтіндеу- қысқасы  мерейін тағы аспандатып асыру бар.

Осындай сыртқа айбын, ішке медеу болған тойлар жарты айдай айықпады. Бұл кезде ел-елдің бәрі де қыстауларынан көшіп, көктеуге ойға қарай жөңкілген" дейді.

Елден гөрі өз басын, ұлттан гөрі ағайынын көбірек малданатын пысықтардың "партияшыл" "рушыл" заманы жоғарыдағы суреттің астарында сезіледі. Ұлы жазушы М.Әуезовтың бұл туындысы заманына қарай бірде заманның ұлы, бірде құлы болған тұста жазылған. Соның салдары, ықпалының әсерінен ұлттық дәстүр жәй ғана өмір ағыны есебінде ғана романның әр жерінде бой көрсетіп отырады.

" Жазғытұры ауыл қолдан түлеткендей бір түрлі бір жас йіске, жас өмірге толы " деп М.Әуезов амалсыз табиғат суретіне дәуірдің идеологиялық  жүгін арқалатады. Ал, шындығында Ұлыстың ұлы күнінің нағыз суреті осы емес    пе?

" Қарабастың өткір сары пышағы  қыстан қалған семіз жаяны да, алтындай сары уілдірікті де лып-лып сызып, жапырақтап жатыр." Немесе, "Келіні жаңа ғана ысытып әкелген  құрт қосқан қонақ көжені анда - санда бір ұрттап отырып, Қодар:

-Қарағым, Қамқа, бүгін күн жұма ғой осы - деді." дейді.

Жоғарыдағы үзіндіде қыстан қалған сүрі ет жайында айтылса, Қамқаның Қодар атасына беріп отырғаны наурыз көже болуы мүмкін. Қодар мен Қамқа оқиғасы көктем мезгілінде суреттелген. Қазақтың құрт қосып ішетін көжесі - наурыз көже. Сорпаға да құрт сапырып ішеді. Осылармен салыстырғанда "жылытып беріп отырған қонақ көжесі" наурыз көже болса керек. Қалай десек те, заманына қарай бірнеше рет өңделіп жазылған туындыдағы нақты деректерді дәл айту әлі де терең зерттеуді қажет етеді. Менің мақсатым, романдағы көктем мерекесінің тойланғанын айту емес. Ұлттық төл мерекеміздің атадан келе жатқан мұра екендігі, Наурыз мерекесін Абайдың заманымен байланыстыру. Бір айта кететіні, Абайдың заманындағы Наурыз мерекесі елдің қыстаудан жайлауға көшетін мезгілімен байланыстырылған. Ол жағы түсінікті де. Мұхтардың заманы Ұлыстың ұлы күнін ашып, атап айтқызбаса да, роман эпопеясының желісінен осы көріністі еркін байқаймыз.

Қазақ халқы ешнәрсені байыпсыз, мақсатсыз істеген емес. Кәзіргі таңда көптеген пікірталас тудырып жүрген "Наурыз көже" мәселесі "жоқтықтан кедей-кепшікке берілетін ас" деген сыңаржақ пікірлерді естіп жатамыз.

-"Наурыз көже неге жеті түрлі дәмнен жасалған?"- деген сұраққа:

Жеті деген киелі санға құрылған. - дегеннен әрі аса алмаймыз. Заманы айтқызса бұл сұраққа М. Әуезовтың "Абай жолы"  романы арқылы жауап алған болар едік. Дегенмен, тарихтан алған ой-түйінімді қорытып көрейін.

Наурыз көже жеті түрлі дәмнен жасалады. Әрине, жеті қасиетті - киелі сан. Қазақ киелілікке, ырымшылдыққа аса мән берген. Наурыз көжеге су қосқаны  - өмір-өзен, ұрпақ-өріс судай асып-тассын дегені болса керек. Абайша айтсақ:

«Дүние -үлкен көл,

Заман - соққан жел»

"Алдыңғы толқын ағалардың " "кейінгі толқын інілерге" ықпалды тарихының айғағы. "Сылдырап өңкей келісім, тас бұлақтың суындай болайық" дегені.

Тұз қосқаны: Қазақтың мәдениеті - сөз. Қашаннан сөзді қадірлеген қазақ ешқашан дәмсіз сөз сөйлемеген. Сондықтан да, "Тұз - астың дәмін келтірер, мақал - сөздің мәнін келтірер" деп мағыналы мақал айтқан. Абайдың:   Жұртым- ай, шалқақтамай сөзге түсін,

Ойланшы сыртын қойып, сөздің ішін. - дегенінде құр бос жүре бермей не нәтиженің дәмін білейік, бір - бірімізге дәмді сөздер айтысып жүрейік деген мағынада ырымдалған болса керек.

Сүт немесе ақ құйғаны - сүттей ұйып отырайық, ақ мол болса денсаулыққа да кепіл дегені. Көңіліміз де ақ болсын деген таза ниет. "Ағы бардың  - бағы бар" деп түсінетін қазақ халқы сүт тағамын бақыт несібесі деп білген. Қазақтың ұлттық тарихында ертеден пайдаланып келе жатқан ұлттық тағамдардың түрлері сүттен жасалады. "Қазақ" сөзінің тіркесіндегі "ақ" сөзі де осымен жалғсып тұрғаны көп мағынаны түсіндіреді.

Наурыз көжеге құрт қосатын себебі -  құрт күшті ас. Әртүрлі тамаққа пайдаланады. Әсіресе, жазғытұрым уақытта пайдасы мол. Әлсіз, ауру-шаң адамдарға қуат береді. Бұл асты - қуаттың көзі болсын, ел қуаты нығайсын, денсаулығы берік болсын деген ырымға негіздесе керек.

Наурыз көжеге қазақтың ең жақсы көретін негізгі ас дәмдерінің бірі - ет те қосылады. Қазақтың табиғаты малмен біте қайнасқан болса, ет, - қазақтың төл асы. Қазан толсын, асар мол болсын деген мақсатта "ұзынсарыға" сақтаған сүрі етті тұтастай наурыз көжеге салып қайнатады.

Көжеге алтыншы дәм - арпаны қосады. Арпа дәрілікке ем. Білетіндердің айтуынша арпаны жиі пайдаланатындардың қаны бұзылмайды. Ирак тәуіптері бұл дәнді "ғажап құтты дән" деп атаған. Көптеген ауруларға шипалы. Зерттеушілер ай тұтылған кезде жерге арпа себілетін болса, кейін одан пісірілген нан есі ауысқандарға шипа болады екен. Арпа себіліп жатқан кезде ай дөңгеленіп Зухар жұлдызына қарама-қарсы тұрса, арық - тұрық мал оңалып, қоң жинайды. Жылдың жақсы немесе жаман келуі арпаға қарап анықталады. Данышпан қарапайым бабаларымыз осыны арқау еткен. Жаратушы алла "Нандардың ішіндегі ең жақсы нан - арпа наны. Кім оған қанағат қылса, ол оны тойдырады. Себебі, ол менің наным, барша пайғамбардың наны" - деген екен.

Жетінші дәм - күріш. Күріште денсаулыққа шипалы, ішкі құрылысты тазартатын табиғи элементтерге бай дәнді дақыл. Жалпы наурыз көжеге дәмді дақыл пайдаланатыны - бір тамырдан өсіп-өнген күріштей ұрпағымыз көп болсын деген тілек болса керек. Наурызда берілетін бата нышаны осы наурыз көжеде де сайрап тұр. Сондықтан да наурыз көжені  наурыз айында кедейлерге тарататын тағам түрінде емес, арнайы ырымдап жасайтын болған. Дәнді-дақыл пайдалы, сабағынан дәні мәуелеп, төгіліп тұратын құтты, ырысты өсімдік. Наурыз пайдалы да, құтты ырысты болсын, өскін мол болсын  деген қазақ тілегінің ырымының басты көзі наурыз көже болса керек.

Алмахан Мұхаметқалиқызы

Ақын,тҚазақстан Жазушылар Одағының мүшесі,

Қазақстан-Ресей университеті «Абайтану» орталығының директоры

Астана қаласы

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5502